«Еңбек» – бағдарламасының ауқымы кең. Бір сөзбен айтқанда, оқып, біліктілігін арттырып, өз кәсібін ашқысы келгендерге таптырмас мүмкіндік. Астрахан ауданы бойынша бес жылдық жобаға 692 адам қатысты. Биылдың өзінде 15 адам қысқамерзімді кәсіптік оқудан өтті. 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 30 мемлекеттік грант берілді. Ісін жаңа бастаған 34 кәсіпкер жалпы құны 130 млн теңгеге жуық несие алған.
"2020 жылы 555 мың теңге көлемінде грант алдым. Бұған өте қуаныштымын. Әзірге екі бас ірі қара ұстаймын. Қазірдің өзінде оның пайдасын ақырындап көріп жатырмын. Сүт өнімдері мен май сатамын. Жақын арада төлдейді, сөйтіп мал басы тағы да көбейеді. Менің ендігі мақсатым – шағын несие алып, мал басын көбейту. Сүт өнімдерінің көлемін ұлғайтсам деген ойым бар", – дейді кәсіпкер Жайнагүл Байтаза.
«Еңбек» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша қоғамдық жұмыстарға 190 адам тартылды. Жаңа мамандық алып, жұмыс тапқысы келген 45 жұмыссыз жастар тәжірибесіне жіберілді. Жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша, жоспар 100 процентке орындалды.