Өткен айда да Қытай, Германия, Сингапур мемлекеттерінен және «Шеврон Мұнайгаз Инк-2» ЖШС-нен келген медициналық құрылғылар мен препараттар түріндегі гуманитарлық көмек арнайы дәрі-дәрмек қоймасына орналастырылған болатын.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері және қоғам белсенділері келіп түскен гуманитарлық көмектерді қабылдау барысына қоғамдық бақылау жүргізіп келеді.
Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.