Оның айтуынша, тұрғындар өзін жайсыз сезінген жағдайда тіркелген емханаға қоңырау шалып, мобильді бригаданы шақырта алады. Арнайы топ қауіпті вирустың белгілері және пневмония белгілері бар тұрғындар мен созылмалы аурулары бар науқастарға үйден қызмет көрсетеді. Сондай-ақ жүкті әйелдер мен балаларға патронаж жүргізеді.
«Маңғыстау облысы бойынша 412 инфекциялық төсек орын бар. Қосымша реанимациялық 54 төсек орын жасақталды. Ал резервте 2 452 төсек орын дайын тұр. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде қолданылатын болады», - деді Ләззат Есенғалиева.
Айта кетейік, 9 желтоқсан күні өңірде «Covid-19» инфекциясын жұқтырған 9 адам тіркелді. Оның 7-і бұрын-сонды індетті жұқтырған адамдармен жақын қарым-қатынаста болған.