05 Желтоқсан, 2013

Әйгілі архитектор Ян Гейл Алматыны көлік кептелісінен арылта ала ма?

432 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Дат урбанисі, қалалардың келбетін жасаумен аты шыққан дарынды дизайнерлердің бірі Ян Гейл Алматыға келді. Мегаполис қалаларда қаптап бара жатқан автомобильдерден арылтудің тетіктерін білетін Ян Гейлдің сапары келешекте қаладағы көлік қозғалыстарынан көрінеді деп күтілуде. Лондон, Нью-Иорк, Мехико, Мельбурн, Копенгаген сияқты қалалардың басшыларына кеңес беріп, қоян-қолтық жұмыс істеген сәулеткер Алматы қаласының әкімімен кездесті.

Дат урбанисі, қалалардың келбетін жасаумен аты шыққан дарынды дизайнерлердің бірі Ян Гейл Алматыға келді. Мегаполис қалаларда қаптап бара жатқан автомобильдерден арылтудің тетіктерін білетін Ян Гейлдің сапары келешекте қаладағы көлік қозғалыстарынан көрінеді деп күтілуде. Лондон, Нью-Иорк, Мехико, Мельбурн, Копенгаген сияқты қалалардың басшыларына кеңес беріп, қоян-қолтық жұмыс істеген сәулеткер Алматы қаласының әкімімен кездесті.

Атақты дизайнер қай қаламен жұмыс істесе де алдымен жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жолдарды кіріктіруді қарастырады. Мәселен, биыл оны Мәскеу мэрі шақырып, қаптаған машиналардың легінен құтқаруды сұраған. Журналистермен кездесу барысында әңгімені ескі естеліктерден бастаған архитектор:

– 1960 жылдары қалалардың архитекторлық дизайны мен жобалау жұмыстары сынақ түрінде жүргізілді. Бұл сұмдық кезеңдер еді, – деді.

Уақыт өте келе бұл қателіктер түзетіле бастаған. Алайда, сол 60-шы жылдары қала көшелері тек автомобиль қозғалыстарына ғана бейімделген еді. Одан бері де 50 жылдан астам уақыт өтті. Қазір Ян Гейл өзінің туған қаласы Копенгаген көлік кептелістерінен арылып, велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер жолақтары пайда болғанын айтады.

– Мен үшін қала мен оның инфрақұрылымының дамуы көшеде балалардың көптеп және алаңсыз жүруімен өлшенеді, – дейді Гейл мырза.

Адамзат баласына игілігін тигізіп жүрген атақты дизайнердің арқасында қазір Копенгаген тұрғындарының үштен бірінен астамы велосипедпен, каргобайкалармен (алдына бала салып жүретін велосипед сияқты көлік) жүреді. Ян Гейлдің арқасында Еуропада жаяу жүргіншілер жүретін ең ұзын Стрегет көшесі пайда болған. Сол сияқты өмір сүру деңгейі жағынан әлемдегі ең үздік 10 қаланың қатарына кіретін 6 қалада Ян Гейлдің үлесі бар.

Сонымен, танымал Ян Гейл Алматыда қала дизайны бойынша лекция оқыды. Қала дизайнын жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге лайықтап жасау жөнінде оның оқыған лекциясына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысып, мұндай мүмкіндікті, дизайнерлер, архитекторлар, жобалау ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының студенттері де жіберген жоқ.

Урбаникалық концепция авторы өзінің қаланы қалай барынша тартымды етуге болады деген көзқарасымен бөлісті. Ян Гейл қала аумағын қаншалықты тиімді пайдалануға болатындығы туралы, көлік тұрақтары мен оны барынша азайту жөніндегі ойларын ортаға салды. Оның мол тәжірибесі әлемнің ірі мегаполистері мен басқа да қалаларда тиімді пайдаланылды.

«Сіздердің қалаларыңыз барынша жасыл, ағаштары көп, көшелеріңіз кең екен. Бұл тротуарларды, велосипед, трамвай жолдарын, автомобиль қозғалысын сыйдыруға мүмкіндік береді. Қала келбетін өзгертуде мүмкіндіктеріңіз өте мол. Көлік құрылымын теңестіруге әбден болады», дейді Ян Гейл.

Өз кезегінде Алматы әкімі мегаполисте көлік кептелісін азайтуда қыруар жұмыстар атқарылып жатқандығын, велосипедті ұтымды пайдалану ісі кеңінен насихатталуда екендігін жеткізді. Мысалы, соңғы бес жыл ішінде велосипед сату қалада 6 есе ұлғайған, оны жөндейтін шеберханалар да пайда болуда. Алматы концепциясында жерасты паркингтеріне, муниципалды көлікке үлкен мән берілуде.

«1600 автобустың тең жартысы муниципиалдікі әрі газбен жұмыс істейді. Бұдан өзге біз 195 жаңа троллейбус сатып алдық, метрополитеннің жаңа стансаларын салудамыз, ЖРТ-тің жобасы да қолға алынуда. Қоғамдық көліктің жұмысын ретке келтірген соң кейбір көшелерде жеңіл автомобильдерге шектеу қойылады. Сөйтіп, біз жаяу жүргінші мен велосипедшілерге кең жол ашатын боламыз. Алматыда соңғы жылдары велошеру жиі өтіп келеді, мен өзім айтып өткендей, велосипед спорт болумен қатар, қозғалыс көлігі», – деді Ахметжан Есімов.

Шара соңында Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен дизайнер Ян Гейл әлемнің ірі қалаларында көлікке қатысты жүзеге асқан озық идеялардың Алматыда да қолға алынуы үшін бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55