Білім • 10 Желтоқсан, 2020

Үздіксіз білім беру үрдісін тиімді ұйымдастырды

687 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«COVID-19 індеті басталып, қашықтан оқыту форматына амалсыз көшкен кезде Қазақстан үздіксіз білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыра алды. Енді пандемиядан кейінгі кезеңде білім беру процесін қалпына келтіру және сын-қатерлерге жауап бере алатын мектеп жүйесін құру үшін жағдай жасау қажет», дейді «Білім берудегі олқылықтарды қалпына келтіру және тұрақты мектеп жүйесін құру» атты онлайн-вебинар барысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто.

Үздіксіз білім беру үрдісін тиімді ұйымдастырды

Аталған шараны Дүниежүзілік банк, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), ЮНЕСКО, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Білім және ғылым министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.

Халықаралық сарапшылар пандемия кезінде мектептердің жабылуы әлем бойын­ша оқушылардың үлгеріміне және мектеп бағдарламасын меңгеру деңгейіне әсер еткенін айтты. «Білім берудегі туындаған мәселелерді қалпына келтіру үшін тиімді шаралар қабылдау қажет», дейді сарапшылар.

Білім және ғылым вице-министрі Шол­пан Каринова карантин кезеңінде қашық­тан оқыту форматына көшу барысында тек сын-қатерлер ғана емес, жаңа мүмкіндіктер де пайда болғанын айтты.

«Осы кезеңде балаларды оқытуға мүд­делі тараптардың бәрі өзара жақындай түсті. Ата-аналар оқу процесіне белсен­ді араласып, жағдайды назарда ұстап отыр. Одан бөлек білім беру интернет-платфор­ма­­ла­рының жұмысы жаңғырғанын, цифр­лы сауат­тылықтың артқанын, компью­терлендіру мен кері байланыстың күшей­генін айта кеткен жөн», деді вице-министр.

Вице-министрдің айтуынша, қашықтан білім беру дәстүрлі білім беруді алмас­тыра алмайды. Өйткені оқу процесін ұйым­дастыру – бұл жай ғана оқу үрдісі ғана емес, сондай-ақ балалардың ортаға бейімделуі мен өзара қарым-қатынас жасауына, оларды дамытуға бағытталған жұмыс.

Пандемия және карантиндік шектеулер кезінде оқу процесін реттеу үшін бірқатар нормативтік құқықтық құжат қабылданды, бағалау жүйесі бейімделіп, білім берудің мемлекеттік стандарты мен санитарлық ережелерге өзгерістер енгізілді.

«Біз бұл бағытта сарапшылармен бел­сенді жұмыс істеп, қолданыстағы жұмыс тә­жірибесіне талдау жасап жатырмыз. Бұл бір күндік жұмыс емес, қалпына кел­тіру процесі ұзақ үрдіс екенін түсінеміз. Қа­зір­гі таңда мектептердің 50%-ы, тек 1 мил­лион оқушы дәстүрлі форматта білім алып жатыр. Біз үшін барлық білім беру ұйымының ашылғаны маңызды. Бұл үшін эпидемиялық жағдайдың жақсарып, санитар дәрігерлердің рұқсат беруін күтеміз», деді Шолпан Каринова.

Халықаралық сарапшылар пандемия ке­зіндегі Білім және ғылым министрлігінің қыз­метіне оң баға берді.

«Қиын-қыстау кезеңде тек проблема­лар­ға ғана баса назар аудармай, соны­мен қатар осы жағдайда ашыл­ған жаңа мүмкіндіктерге де мән беріп отырғанда­ры­ңызды құптаймын. Қазақстанның білім саласында жақсы нәтиже­лерге жет­ке­нін атап өткім келеді. Бұл кезеңде министр­лік ата-аналармен, мұғалімдермен және оқушылармен ашық диалог жүргізді, бұл өте маңызды әрі қуанарлық жағдай», деді білім саласындағы жетекші сарапшы, Дүниежүзілік банктің өкілі Айша Вауда.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур Ван Дирен мұғалімдердің пандемия кезіндегі жұмысын ерекше атап өтіп, алғысын білдірді.

«Қазіргі таңда көрінбейтін ерлік іс жасап жатқан батырларымыз – мұғалімдер. Қашықтан оқыту форматына тез көшу оңай шаруа емес. Осы ретте мұғалімдер қыруар жұмыс атқарғанын атап өткен жөн», деді Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының өкілі.