Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2020

«Динамо» спорт қоғамына 95 жыл

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында погон тағатын қыметкерлердің «Динамо»  ерікті спорт қоғамы 1925 жылы құрылған екен. Осы жылдар аралығында бұл қоғамның қатарынан ел намысын қорғаған талай атақты спортшылар шықты. Олардың қатарында есімдері елге танымал Юрий Трошин, Николай Зубарев, Вадим Шақшабаев, Бауыржан Құлжанов, Сергей Кручина, Виктор Денисенко және т.б. бар. Бұлардың бәрі өткен ғасырдың ортасы мен соңындағы баршаға мәлім белгілі спорт жұлдыздары, ондаған жылдар бойы облыс полицейлеріне самбо мен қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін үйреткен нұсқаушылар.

«Динамо» спорт қоғамына 95 жыл

Кеше облыстық полиция бастығы Марат Төлебаев «Динамошыларды» 95 жылдық мерейтойымен құттықтап, ескерткіш медальдар тапсырды. Қадірлі қонақтар арасында «Динамоның» атынан бүгін жарыстарға қатысып жүрген озық спортшылар Қанат Қазанғапов, Олег Гурский де болды. Шараға қатысқандардың бәрі «Динамо» спорт қоғамының 95 жылдығының құрметіне естелік медальдармен марапатталды. Спорттық мерейтойдың құрметіне СҚО ПД музейінің меңгерушісі Любовь Осинская мен СҚО ПД бөлім басшысы Мәдина Балғашоқоваға да алғыс хат табысталды.

Сондай-ақ облыстық полиция ведомствосының басшысы үлгілі қызметі үшін «Динамо» ДШСҚ облыстық филиалының бас маманы, әйгілі спорт қоғамының ақ-көк түсті туының астында ондаған жылдар бойы жұмыс атқарған Галина Скорыхқа жеке алғыс білдірді.

Солтүстік Қазақстан облысы