Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2020

Түркістанда 500-ден астам кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетілді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің жаңартылған құрамымен алғашқы кездесуінде жеңілдетілген қаржыландыру шеңберінде өңірде 48 миллиард теңге жұмсалғанын атап өтті. Демек, пандемия кезінде 500-ден астам кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда 500-ден астам кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетілді

«Бүгінде бизнестің де бағыттары жаңаруда. Соған сәйкес өзгертулер орын алу керек. Әсіресе, озық та қабілетті жастарды өсіру керек. Жастарға бизнеспен айналысудың жолын көрсеткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен, мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде көптеген бизнес – жобалар сәтті жүзеге асуда. Біз Түркістан өңірінде заманауи жаңа идеяларды, туризм, өндіріс салаларын жаңғыртатын жаңа жобаларды тартамыз, қолдаймыз», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны пандемияға қарамастан оң көрсеткішке ие. Бұл өсімде ҰКП «Бастау» жобасы түлектерінің де үлесі аз емес. Бастаулықтар жобаларының арнайы көрмесімен облыс әкімін палата директоры Тимур Нақыпбеков таныстырып, жұмыс нәтижелеріне тоқталып өтті.

«Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері 11 айда  кәсіпкерлік субъектілеріне 13 711 кеңес берген. Бұдан бөлек, «Бастау» жобасы аясында 3676 түлек оқудан өтіп, оның 1 500-інің жобалары 11 60,2 миллион теңгеге қаржыландырылған», - деді Нақыпбеков.

Кездесуде өңірлік кеңес мүшелері облыс басшысын өнеркәсіптік парктер құру жөніндегі жобаларымен таныстырды.

Білім беру саласындағы жаңаша бетбұрыстар,  бірегей өндіріс, инновациялық технологиялардың түрлерін дамыту және өңірде Ұлттық такси қызметін құру бойынша ерекше жобалар облыс әкімі тарапынан қолдау тапты.