Оқиға • 10 Желтоқсан, 2020

Қызылорда облысының экс-әкімі тұтқындалды

2314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты үкім шығарылды. Соттың шешіміне сәйкес ол жазасын түрмеде өтеуі тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылорда облысының экс-әкімі тұтқындалды

Үкім №2 Қызылорда қалалық сотында жария етілді, сөйтіп сот Қ.Ысқақовты жеті жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтеуі керек. Одан өзге, оны мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырды.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор Қызылорда облысының бұрынғы әкімін сегіз жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік айыптаушы Қ.Ысқақовты "аса ірі көлемдегі алаяқтық" үшін кінәлі деп тануды сұраған еді.

Еске салайық, Қуанышбек Ысқақов осы жылдың наурыз айының соңынан бастап үйқамақта болды. Оған Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айып тағылды. Тергеу барысында оның тағы 4 сыбайластына да сот мәлімдемесі шықты. Істің фигуранттары Қызылорда облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Мұрат Имандосов және әкімнің басқа экс-орынбасары Марат Делмұханов. Сонымен қатар, айыптау актісінің көшірмесі бизнесмен Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмайыловқа берілді.