Қоғам • 10 Желтоқсан, 2020

Ақтөбеде шошқа фермасына 7 млрд теңге айыппұл салынды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл экологтар шошқа фермасының жұмысынан бірнеше заңсыздықты анықтап, айыппұл салғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбеде шошқа фермасына 7 млрд теңге айыппұл салынды

Еске сала кетейік, 19 қарашада Бестамақ ауылының 80-нен астам тұрғыны шошқа фермасын жабуды талап етіп, наразылыққа шыққан болатын. Таралған видеоға қарағанда, тұрғындардың кәсіпорынды жабуды талап еткенін аңғаруға болады. Олардың айтуынша, шошқа қалдығы өзен суына ағып жатыр. Тағы бір видеодан жол талғамайтын көлік наразы топтан қашып, қақпаны қиратып өткенін көруге болады. Тексеру барысында бүлінген жер көлемі анықталып, шығын көлемі 14,2 млн теңге деп есептелді. Сонымен бірге қылмыстық іс қозғалды.

"Сонымен бірге тексеру кезінде 2018-2019 жылдары аралығында шаруашылықта қоршаған ортаны қорғау заңдылығы сақталмағаны белгілі болды. Мал басының саны негізсіз өскен. Жоба бойынша 40 мың бас, ал шын мәнінде 50 мың бастан астам шошқа баққан. Ағынды су Байбақты өзенінің арнасын ластаған. Серіктестік Экология кодексін сақтамай, Әкімшілік құқық бұзу кодексі бойынша үш іс қозғалды. Барлығы 7 миллиард теңгеден астам шығын есептеліп, айыппұл салынды. Кәсіпкер заң бойынша 1 айда төлеуі тиіс. Егер төлемесе, бұл іс те сотқа жолданады", деді облыстық экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл.

Нұсқама мерзімінде орындалмаса, кәсіпорынның шаруашылық қызметін уақытша тоқтату туралы сотқа талап-арыз жолданады.