10 Желтоқсан, 2020

Алматылық еріктілер бір жылда қандай іс атқарды

199 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда еріктілер жылы қорытындыланды. Бұл туралы «Қазақстан еріктілері лигасы» қоғамдық қоры Алматы филиалының төрайымы Бағдат Анарбаева хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматылық еріктілер бір жылда қандай іс атқарды

Алматыда еріктілер жылын өткізу аясында 78 іс-шарадан тұратын шаралар жоспары бекітілді. Барлық жоба мен іс-шара vемлекет басшысы белгілеген міндеттерге сәйкес әзірленді.

Бағдат Анарбаеваның айтуынша, карантиннің бірінші күнінен бастап Алматы қаласының әкімдігі Жастар лофт-орталығының негізінде жедел волонтерлік штаб құрылып, оның құрамына қалалық волонтерлік, медициналық және қоғамдық ұйымдар енді.

Жалпы қала бойынша 1000-ға жуық волонтер жұмыс істеді, оның ішінде штабқа 100-ге жуық тұрақты волонтер тартылды. Еріктілер коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік техникасы мен гигиена талаптарын үйренді.

Штабтың негізгі қызметі халықтың мұқтаж санаттарына көмек көрсетуге бағытталды.

«Пандемия кезінде мұқтаж 26 мыңнан астам азаматқа азық-түлік пакеттері, медициналық бетперделер тарату, дәрі-дәрмек жеткізу түрінде көмек көрсетілді. Штаб тұрақты негізде қоғамдық орындарға мониторинг жүргізді. Бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті органдар кәсіпорындардың жұмысын шектейтін шаралар қабылдады. Сондай-ақ, еріктілер қалалық медицина қызметкерлеріне басқа елдерден келген азаматтарды ауруханаларға орналастыруға көмектесті», - деді Анарбаева.

Жедел еріктілер штабының волонтерлары 4115 мұқтаж және әлеуметтік осал азаматтарға көмек көрсетті, 93 отбасына медициналық бетперде таратты. 

Сонымен қатар 166 нысанда қоғамдық мониторинг жүргізді, оның ішінде 80 нысанда бұзушылықтар анықталды, оның қорытындысы бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдады.

Қаланың 100 дәріханасында қажетті дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтеру фактілерін анықтауға қоғамдық мониторинг жүргізіді, 6250 тұрғынға жедел желі телефоны арқылы ақпарат берді.