Қоғам • 10 Желтоқсан, 2020

27 желтоқсан: Ұшақ құлаған үйдің иесіне қатысты арыз қараусыз қалдырылады

453 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысының Талғар аудандық соты Bek Air АҚ-ның жауапкер Решет Қалыбек пен үшінші тұлғаларға қатысты арызын қараусыз қалдырды. Соттың қаулысы заңды күшіне енбеді, деп хабарлайды Egemen.kz

27 желтоқсан: Ұшақ құлаған үйдің иесіне қатысты арыз қараусыз қалдырылады

Істі жүргізу барысында Bek Air АҚ-ның жауапкер Решет Қалыбекке және үшінші тұлғаларға: "Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөліміне, Талғар ауданының әділет басқармасына, Талғар ауданының құрылыс бөліміне қатысты арызы бойынша азаматтық істі қарады. Тұрғын үйді өз бетімен салу – "Қазақстанның сәулет-құрылыс қызметі" туралы заң талаптарын бұзып салынған үйге қатысты арыз бойынша. Сот Bek Air АҚ-ның жауапкер Решет Қалыбек пен үшінші тұлғаларға қатысты арызын қараусыз қалдырды. Соттың қаулысы заңды күшіне енбеді", деді судья Қарлығаш Есалинова.

Судья арызды қараусыз қалдыру туралы шешімнің себебін де айтып өтті.

"Бас көлік прокуратурасының Талғар аудандық сотының сауалына берген жауабына сәйкес, жоғарыда аталған қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім қабылданбаған, кінәлі адамдар анықталмаған, айып тағылмаған, Bek Air АҚ-ның процессуалдық жағдайы белгіленбеген. Осыған байланысты Азаматтық процестік кодекстің 279-бабы 1-тармақшасының негізінде, егер талапкер осы санаттағы істер үшін заңнамада белгіленген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін немесе келісімшартта көзделген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамаса және бұл тәртіпті қолдану мүмкіндігі жоғалмаса, онда сот арызды қараусыз қалдырылады", деді судья.

Еске сала кетейік, Bek Air ұшағы былтыр 27 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшырап, барша қазақстандықтарын жүрегі қамыққан еді. Лайнер Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан бетте құлдилап, әуежай қоршауынан асып, үйге соғылды. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапқан.