Ақтау гарнизонында сүңгуірлік даярлық порттарда, акваторияларда, суларда және жағалауда жауынгерлік міндеттерді орындау үшін жүргізіледі. Әскери-теңіз күштері сүңгуірлерін бастапқы даярлау бассейнінде жүргізіледі. Ашық теңізге түспес бұрын әскери қызметшілер қажетті дағдыларды үйретуі керек, алғашқы сабақтар теориялық тұрғыда өткізіледі.
Жауынгерлік жүзушілер жабдықтың материалдық бөлігін және тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделейді, сынақтар тапсырады және сүңгуір жабдығын пайдалануға рұқсат алады.
Сүңгуірлер үйренетін бірінші нәрсе – су астындағы дұрыс тыныс алу, аппараттағы қысымды теңестіру. Сондай-ақ стреске төзімділік жаттығуларын және төтенше жағдайларды жою әдістерін үйрену қажет. Нұсқаушылар оқытудың барлық кезеңдерінде қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше көңіл бөледі.
– Жеңіл сүңгуірлік дайындық бойынша жыл сайынғы курстан әскери сүңгуір мамандығын таңдаған жаңадан келген әскери қызметшілер өтеді. Мұндай сабақтардың бірінші кезеңі бассейнде өткізіледі. Бізге акватлон, су астындағы қоян-қолтық ұрыстарын үйретеді. Бұл сабақ барысында ағзаның гипоксияға төзімділігі және су ортасында болу сенімділігі сияқты қасиет дамиды, – дейді топ сержанты 3-сыныпты сержант - сүңгуір Руслан Орумбаев.
Қыста бассейнде сабақтар аптасына үш рет өткізіледі. Ал көктемде, күн жылынған сәттен бастап Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлері ашық су айдындарында сүңгуге кіріседі.
Әрі қиын, әрі қызық сүңгуірлікке жас сарбаздарды қызығушылығы да жоғары.
Маңғыстау облысы