Мекеме барлық талаптарға сай және Германияда өндірілген қажетті жабдықтармен қамтылған. Зертхана бөлмелерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді, техника орнатылды, қажетті реактивтер сатып алынды. Зертхана қызметкерлері Қарағандының жетекші зертханалары базасында арнайы оқытудан өтті. Жобаның жалпы құны 39 млн теңгені құрайды. Демеушілер 29 млн теңгеге барлық қажетті медициналық жабдықты сатып алған.
Бұрын ПТР зерттеуге барлық биологиялық материалдар Балқаштан Қарағанды қаласына жіберілетін. Нәтижелер 3-5 күн аралығында шығатын. Жаңа ПТР-зертхананың ашылуымен коронавирус инфекциясын тезірек анықтауға болады.
Талдауды өңдеу орташа есеппен 5 сағатты құрайды. Сынақ қорытындысы бір тәулік ішінде беріледі.