05 Желтоқсан, 2013

Әлеуметтік бағдары бар қоғам әлеуетті

404 рет
көрсетілді
32 мин
оқу үшін

Игілігі мол инновация

Қазақ елінде әрбір адам өзін толыққанды тұлға ретінде сезініп, жеке бизнесін жан-жақты дамытуына, отбасын өркендетуіне, ұлттық салт-дәстүрлерін сақтауына барлық жағдай жасалған. Бұған Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің бірі – біздің күрд ағайындардың сән-салтанатқа толы өмірі де айқын дәлел.

Игілігі мол инновация

Қазақ елінде әрбір адам өзін толыққанды тұлға ретінде сезініп, жеке бизнесін жан-жақты дамытуына, отбасын өркендетуіне, ұлттық салт-дәстүрлерін сақтауына барлық жағдай жасалған. Бұған Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің бірі – біздің күрд ағайындардың сән-салтанатқа толы өмірі де айқын дәлел.

Ежелден мал шаруашылығымен шұғылданған күрд ұлтының Қазақ­стандағы өкілдерінің ұрпақтары арасынан бүгінде белгілі ғалым, академик, құрылысшы, ірі бизнес орталықтарының жетекшілері, ақын, композитор және спортшылар көптеп шығуда. Мен де солардың бірімін. Алыстағы Сарысу ауданының алақандай ауылында өстім. Қазақ еліндегі бейбіт саясаттың арқасында білім алдым. Ел экономикасының әртүрлі саласында абыройлы қызмет атқардым. Отбасылық жеке кәсібімізді дамыттық. Қазір облыстағы ірі кәсіпорынның жетекшісі ретінде «Қазақстан-2050» Стратегиясының мәні мен маңызын түсінетін және оны жүзеге асыруға атсалысатын әлеуеті мол кәсіпкерлердің бірі екенімді мақтан тұтамын.

2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің кәсіпорынға келіп, жұмысымызбен танысқан кезде: «Бір орындарыңда тұрып қалмаңдар, инновациялық жаңа технологияларды енгізу арқылы үнемі алға жылжып отырыңдар», деген болатын. Біз бүгінде Елбасының сол тапсырмасын орындап отырмыз. Кәсіпорнымызға инновациялық жаңа технологияларды енгіздік. Содан кейін біз өңірде ең алғашқылардың бірі болып «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы тетіктерін тиімді пайдаландық. Соның арқасында ортопедиялық матрац жасайтын жаңа өндірісті іске қостық. Бүгінде кәсіпорнымызда өнім көлемі бірнеше есе ұлғайды.

Елбасы саясатын қолдай отырып, Стратегияны өміріміздің мәні мен сәні деп білеміз. Және біздің бала-шағамызға бақытты, бейбіт өмір сыйлағаны үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Латиф АЙДАРОВ,

«LL» өндірістік-сауда кешені» көпсалалы кәсіпорнының директоры,

Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» ассоциациясы» филиалының төрағасы.

Жамбыл облысы.

Өркендеудің бір кепілі – қазақстандық патриотизм

«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға қажетті тұтқалардың бірі – жаңа қазақстандық патриотизм. Бұл, меніңше, жаңғыртылған, бұған дейінгі мәні мен мағынасын тереңдете түскен сөз тіркесі деп түсінемін. Елбасы мемлекеттің жаңа саяси бағыты туралы айтқан кең тынысты сөзінде жаңа қазақстандық патриотизм ұғымы мен азаматтардың болашаққа деген сенімін бір-бірімен байланыстыра қарастырады. Патриотизм ұғымының жаңаша сипат алуының бір мысалын да осындай жаңаша көзқарастан табуға болады деп ойлаймын.

Әрине, мұндай қасиет әрбір қазақ­стан­дықтың бойына көзді ашып жұм­ғандай тез уақытта орныға қалмайды. Сон­да не істеу керек? Бұл сауалға қайта­рылар жауап тек біреу ғана. Мұның өзі жаңа қазақстандық патриотизмге тәр­биелеу отандастарымыздың бойында елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялату болып табылады. Әрине, құр жалаң, құрғақ инту­зиазммен елді сүйе алмайсың. Оны мақ­таныш ете алмайсың. Бұл үшін мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, оның қауіпсіздігіне және болашағына кепілдік беруі керек.

Қазақстанда, міне, осындай кепілдік тетіктері орнығып келеді. Мұндай жағдай азаматтардың ертеңгі күн мен болашаққа деген сенімдерін нығайта түседі. Мұның өзі де ертеңгі күнге өл­шем бола алмайтынын біздер Елбасы­ның нақты тұжырымынан тағы да көз жеткізе түстік. Яғни, 2050 жылға қа­рай Қазақстанның кез келген азаматы ертең­гі күніне және болашағына өте сенімді болатындай саяси жүйе құру қажет. Мұны да Елбасы көрегендікпен айтып отыр. Әрине, бұған жету үшін көп жұмыстар атқаруға тура келеді.

Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде отандастарымыздың арасында әлемдегі ең жоғары дамыған өркениетті елдерге барып келгеннен кейін оны өз еліміздегі өмір сүру деңгейімен салыстыра қарап оған жету үшін қанша уақыт бар деп өздеріне сауал қоятындары да жоқ емес. «Қазақстан-2050» Стра­тегия­сының басты мақсатының бірі – қазақстандықтардың болашақ ұрпа­ғының өз Отанында өмір сүруді артық көретін, оны өзге жердің жұмағына теңестірмейтін көңіл күй орнықтыру екені сөзсіз. Біз осы кезеңге де көп кешікпей жете аламыз. Мен жаңа қазақ­стандық патриотизмнің түп мағынасын осылай түсінемін.

Ришат ХАЙРУЛЛИН,

татар мәдени ағарту

қоғамының төрағасы.

ОРАЛ.

Тарихи маңызы мен гуманистік мәні зор

Қазақстан Президентінің былтырғы желтоқсан айындағы стратегиялық Жолдауының тарихи және гуманистік маңызы жоғары. Өйткені, Елбасы өзінің тұжырымдарын қоғам үшін маңызды бірнеше мәселелер төңірегіне топтастырды. Алдымен еліміз экономикасының дамуындағы өзекті мәселелер сарапталып, оның әлемдік дағдарыстың сынақтарынан өтуінің стратегиялық жолдары көрсетіп берілді. Қазіргі жаһандану заманында әрбір мемлекет материалдық байлық саласындағы өзінің ұпайының желініп қалмауын ойлайды. Сондықтан Қазақстанның жалпы экономикалық мүддесін қорғау, оны дамыту – оның әрбір азаматының мүддесін қорғау деген сөз.

Әрине, қоғамдағы экономикалық дамудың өзіндік заңдылықтары бар, оған жаңашылдықты енгізумен қатар, үлкен азаматтық жауапкершілікпен қараудың мәні де аса зор. Мәселен, былтыр егін еліміздің көптеген өңірлерінде дұрыс шыққан жоқ, сондықтан астық аздық еткені белгілі. Ал бұрнағы жылғы мол астықтың бір бөлігін дер кезінде жинап ала алмағанымыз да белгілі. Шағын қалалар мәселесіне де жіті назар аудару қажет екені мәлім және оны жүйелі жүргізудің маңыздылығы арта түсуде. Осындай істерге деген жауапкершілікті арттыра түссек қана елімізде әлеуметтік саясаттың жүзеге асқанының куәсі боламыз. Міне, осы тұрғыдан келгенде Елбасының былтырғы Жолдауының тұжырымдамалық мәні мен мағынасы мейлінше ашыла түседі.

Президент ХХI ғасырдың он сын-қатерін баяндап беру арқылы әрбір қазақстандықты әлемде болып жатқан саяси, мәдени және экономикалық үдерістерден сырт қалмауға шақырды. Шын мәнінде, қазіргі заманда әлемдік өзара ықпалдасу үдерістері үлкен маңызға ие болуда. Осы ғаламдық байланыстарда, интеграциялық үдерістерде еліміздің тарихи құндылықтар жүйесі сұрықсызданып кетпеуі тиіс. Сондықтан ұлттық мәдениет пен тілдің де бүгіні мен болашағы туралы мәселелер күн тәртібінен түспеуі керек. Өзінің құндылықтар әлемін қадірлеген халық қана әлемдік тарихтың алдында өз келбетін жоғалтпайды, басқа мәдениеттер алдында беделі төмендемейді. Осы бағыттағы әрбір жасампаз істерді насихаттап, үгіттеп отырған абзал. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл!» дейді дана халқымыз. Елбасы биылғы 11 қазанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында атап көрсеткендей, немқұрайлылық жайламаған ел ғана өркендей алады.

Серік НҰРМҰРАТОВ,

философия ғылымдарының докторы, профессор.

АЛМАТЫ.

Сарабдал стратегияға саналы іс-қимыл қажет

Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының бұрынғылардан жөні мүлде бөлек. Сонау 1997 жылғы 10 қазанда Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» Даму стратегиясын жария еткен болатын. Сол жолы Мемлекет басшысы 2030 жылы Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекетке айналады деп нық сеніммен айтқан еді. Келешекті көркем болжай білген Елбасының айтқаны айдай келді. Аз уақыттың ішінде Қазақ мемлекеті көздеген биігін бағындырды. Ал бұл жолғы стратегияда еліміз үшін ерен міндеттер айқындалған.

 Сарабдал саясаткер ретінде әлемдік қоғамдастыққа кеңінен танылған Нұрсұлтан Назарбаевтың 2050 жылға дейін елімізде атқарылатын істерге айрықша тоқталған Жолдауының қай-қай бағыты да аса маңызға ие екені анық. Әсіресе, Мемлекет басшысы «Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені, оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. «Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға білмейді». Бала тәрбиесі – тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті», деп ұрпақтың ертеңіне алаңдаушылығын білдіргені Елбасының қамқор көзқарасын әйгілейді. Ал осы сөздің өзі мен секілді талай жастың санасына ой салғанына кәміл сенемін. Себебі, Елбасы қай кезде болмасын жастарды қолдауда табандылық танытып келеді. Айталық, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша соңғы екі-үш жылда 50-ге жуық жас маман біздің ауданға оралып, жұмысқа орналасты. Пәтерлі болды, түрлі әлеуметтік жеңілдіктерге қол жеткізді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша бірнеше жас шағын несие серіктестігін құрып, 500 мыңнан 3 млн. теңге аралығында несие алып, өз істерін бастап кетті.

Өзіне сенім білдірген халқының аманатын арқалап, елдігімізді сақтап, келешекке кемел көзқарасымен қарай білген Тұңғыш Президентіміз сол сенімді ақтай білді. Тұңғыш Президентпен тұңғыш рет жүзбе-жүз жүздесіп, сөзін тыңдау бақыты маған да бұйырды. Өзі негізін қалап, иісі қазақтың батасын алып, алты алаштың ғана емес, төрткүл дүниенің басын қосып, бір байламға тоқтайтын елордаға айналған ұлтымыздың ұлы Астанасының төрінде өткен «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезіне қатысуым менің өмірімде айрықша із қалдырған сәт болды. Аталған съезге менімен бірге Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінің мұғалімі Абзал Бижанов та қатынасқан болатын.

 Осы съезде Мемлекет басшысының жастардың тағдырына бейжай қарай алмайтынына тағы бір мәрте көз жет­кіздік. Білім беру, әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыспен қамту мәселелері мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шешіліп жатқанына қуанған менің бір топ замандастарым Елбасына алғысын білдірді. Әсіресе, талайдың көз жасына қалған Семей полигонының жабылуына ұйытқы болған көреген басшының табандылығына риза болған жерлестерінің алғысын білдірген семейлік Еркебұлан Балтабековтің сөзі жиынға қатысушыларды тебірентпей қоймады. Тұңғыш Президенттің бұл шешімі әлемдік қауымдастықта жоғары бағаланып, қырғи-қабақтықтан көз ашпаған өзге елдерге үлгі ретінде ұсынылғаны баршамызға мәлім. Аз уақытта Азияның барысына айналып үлгерген еліміз осы шешімімен-ақ Еуропа төрінде салтанат құрып, өз билігін айтар қуатты елге айналды.

 Сан ұлттың өкілдері мекен еткен елімізде татулық – басты мұрат. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл өмір жолдарында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміз құшағын кеңейтіп келеді. Осы қасиеттен айнымауымыз керек, деген Мемлекет басшысы өзінің ұл-қыздарына ана тіліңді құрметтеп өзгелерге үлгі бол, ата-бабаңнан келе жатқан дініңе берік бол, жат ағымға ерме, еліңе қызмет ет, еңбек қыл, азық болар өзіңе, жүзге бөлінбей жұдырықтай бірігіп іс қыл, сол кезде ғана елдің тұтастығы сақталар, деп барша жасты жігерлендірді.

 Жастарға сенім артқан басшы ғана өзінің көздеген ойын жүзеге асыра біледі. Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал стратегияны нақты іске асыра білетін іскерлігіне, жаһан жұрты ұйып тыңдайтын шешендігіне сенетін біз қай кезде де Елбасымен біргеміз. Оның әрбір бастамасын қызу қолдаймыз.

Сұңқар КӨШЕКОВ,

«Жас Отан» жастар қанаты Индер

аудандық бөлімшесінің атқарушы хатшысы.

Атырау облысы.

Ұмтылыс

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХV съезінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы – «Нұр Отан» партиясының кешенді бағдарламасы. Елімізді әлемнің ең қуатты 30 елдің қатарына кіргізу – халқымыздың алдындағы ең үлкен мұрат, ұлы мақсат. Бұл «Нұр Отанның» болашаққа жол сілтейтін темірқазығы болуға тиіс» деп нақтылады. Ой-санамды бойлап, жүрегімнің түкпірінен орын алған осынау ұлағат жадымда жатталып та қалды. Стратегияны басшылыққа алған Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановтың тікелей қолдауымен қаламыздың бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі жақсарып, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамыған үстіне дамуда деп айтуымызға толық негіз бар.

 Нақты мысал ретінде, қаламызда мемлекеттік бағдарламаларды іс жүзіне асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар мен міндеттерге тоқталсам, ағымдағы жылдың тоғыз айында бюджеттің орындалуы 118,8 пайызды құрап, қазынаға 9,16 миллиард теңге түсті. Өнеркәсіп саласында 34,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 млрд. теңгеге артық. Жыл басынан бері қаланың экономикасын өсіруге 211,5 млн. теңге көлемінде инвес­тиция тартылып, құрылыс материалдарын шығаратын «Гранито Плюс», «Көктөбе» атты кәсіпорындар жаңа техникалық қондырғыларын сатып алып, осыған дейін атқарған жұмыстарын заман талабына сай қайта жандандырды. 109 адам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Жалпы, Талдықорған қаласында 115 мекеме мен кәсіпорынның сапа бойынша ИСО сериялы халықаралық сертификаты бар. Соның 15 сапа сертификатын биылғы жылы алды. Әрине, қаланың экономикасы туралы сөз қозғағанымызда «Қайнар», «Темірбетон», «Метакон», «Азия-Электрик», «Темір» сынды алып кәсіпорындар жөнінде айтпауы­мыз мүмкін емес. Олардың қаланың өсіп, өркендеуіне қосып отырған үлестері де ұшан-теңіз. Бұл кәсіпорындар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына белсенді қатысып, өндірістегі барлық техникалық қондырғыларын заман талабына сай қайтадан жабдықтап алды. Мемлекеттік қолдаумен «Қайнар АКБ» серіктестігі индустрияландыру картасы аясында бұрын Қазақстанда шығарылмаған, құны 570 миллион теңгелік қорғасын-сілтілі аккумулятор батареяларын өндіру жобасын іске қосты. Өткен жылы 11,6 мың данасын шығарып, жоспарды 115,9 пайызға артығымен орындап шықты. Шыны керек, Талдықорған қаласында жасалып, ел экономикасының дамуына өзіндік үлес қосқан сан алуан аккумуляторлар мен электр бағаналарын, түрлі деңгейдегі кабельдер мен жарық қуатын есептегіш кондырғылары сияқты мыңдаған тұрмыстық тетіктерді еліміздің кез келген жерінен кездестіретініміз анық.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Алматы облысының өңірлік индустрияландыру картасы аясында «Алматы бояулары» кәсіпорнының жобасы әзірленуде. Зауыттың өндірістік ғимараттарын өңдеу жұмыстары толық аяқталды. Таяу күндері бұл кәсіпорын да іске қосылып, ел игілігіне жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, аумақтың инвестициялық тартымдылығын жақ­сарту мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфра­құ­рылым жүргізуге экономикалық негіз­деме қолға алынды. Қазіргі таңда бұл аумақта он төрт өндіріс орны жұмыс істесе, алдағы күндерде жаңадан үш ірі инвестициялық жобаның: май дақыл­дарын өңдейтін зауыттың, ұн және нан өнімдерін шығаратын комбинаттың, арнаулы техникалар құрайтын өндіріс орнының тұсауы кесіледі. Бүгінде жоба­лық-сметалық құжаттары әзірленуде. Таяу арада осы аумақта орналасқан сүт зауыты да толық күшінде іске кіріседі.               

Елбасы назарынан тыс қалмайтын аграрлы облыстың кіндік қаласы болғандықтан, ауыл шаруашылығы саласы да жыл сайын өз өнімдерін өсіріп отыр. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бұл сала көрсеткіші 109,6 пайызға өсіп, 7,6 миллиард теңгенің өнімі сатылды. «Сыбаға» бағдарламасы аясында үш шаруа қожалығы 44 миллион теңгеге асыл тұқымды ірі қара малын сатып алып, бағуда. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында еңбек етіп, құс өсірумен айналысатын «Көгер ЛТД» серіктестігі жаңадан құс сою, жем дайындау және шұжық цехтарын іске қосты. Қырықтан астам адамға қосымша жұмыс орны ашылды. Шағын кәсіпкерлік саласында еңбек ететін қалалықтардың саны 1,8 пайызға өсіп, 20,2 мың адамды құрап, қызмет көрсету көлемі 19,6 миллиард теңгеге, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 132,2 пайызға көтерілді. Үстіміздегі жылы қырықтан астам орта кәсіпкерлік нысандары пайдалануға беріліп, 226 адам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Шағын кәсіпкерлікке бет бұрған жиырмадан астам азаматқа «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие берілді.

Десек те, қала көлемінде шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейі ойдағыдай деп айтуымызға әлі ертерек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында 2030 жылға қарай шағын және орта кәсіпкерлікті екі есеге көтеру жөнінде тапсырма бергенін көпшілік жақсы біледі. Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында қала әкімдігі бүгінде тыным­сыз еңбек етуде. Жалпы, қаланың эконо­микалық дамуына құйылған инвестиция көлемі 21,9 миллиард теңгеге жетті.        

Талдықорған қаласындағы Қаратал өзенінің жағалауындағы Тіл сарайы, Достық үйі, теннис корты мен көпқабатты тұрғын үй құрылыстары қаламыздың сырт бейнесін де өзгертіп жіберді. Сөйтіп, соңғы он жылда өзіндік құрылымы мен сән-салтанаты бар «Қаратал» шағын ауданы дүниеге келді. Ағымдағы жылы қала көркіне жаңаша шырай берген Ардагерлер үйі, «Жетісу» монументі, рәміздер мен Астана аллеясы да қала халқының демалатын орнына айналды.

Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылысы қа­ламыздың Оңтүстік-Батыс жағына қарай ауысты. Бір-екі жылда осы маңда жас отбасыларға арналған екі мыңдай пәтері бар он алты көпқабатты тұрғын үй бой көтеретін болады.

Ағымдағы жылдың тоғыз айында 25,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,6 пайызға артық. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы 39 мың шаршы метрлік тоғыз көпқабатты үйдің құрылысын бастау жоспарланған. Қазіргі таңда жалпы алаңы 12,5 мың шаршы метр болатын екі 60 пәтерлі және 168 пәтерлі үйлердің құрылысы қолға алынды. Барлығы да жыл аяғына дейін қала тұрғындарына пайдалануға беріледі. Мұнымен қатар, Желтоқсан көшесінде 50 пәтерлі коммуналдық үйді жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Құрылыс салу құнын арзандату мақсатында жүргізілген жұмыс нәтижесінде жыл аяғына дейін тұрғын үй құрылыс комбинатын, жастарға арналған көгалдағы хоккей алаңы мен Баспа үйін де пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Талдықорған қаласына келген сайын оның көркіне, экономикасының өсіп-дамығанына қуанамын. Осы жетістіктер еліміздің әл-ауқаты жақсарғанының нақты дәлелі емес пе» деген сөзін әрбір талдықорғандық жақсы біледі. Осы ретте қаламызда жыл сайын өтетін «Таза қала» акциясы да өз нәтижесін бере бас­тады. Шаһардың әр азаматы қаланың сұлулығына, тазалығына, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән беретіні жөнінде де атап өткеніміз орынды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында өткен жылы тозығы жетіп тұрған қырыққа жуық көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аулалары тазартылып, талапқа сай тәртіпке келтірілді. Демалыс орындары мен балалар ойнайтын спорт алаңдары да өркениетті елдердегідей жөнделді.

 Қаланы жылумен қамтамасыз етіп отырған «Басқуат» қазандығымен қатар, үш шағын қазандыққа және қашықтығы 8,8 шақырымға созылған жылу жүйелерінің құбырларын толығымен жаңарту жұмысының басында жүргенімде Елбасының халыққа қызмет етуді нығарлап тұрып айтқаны ойымнан бір сәт те шыққан жоқ. Өйткені, жаз айларында сапалы істелген жұмыстың өтеуі қыста елдің мұздамай жылы үйде отырып айтатын алғысымен өлшенбей ме?!  

 Елбасы болашақтың кілті жастардың қолында екендігі туралы салиқалы сөзін әрбір жас өскіннің санасына сіңіре айтып тұрып жастарға сенім артқанын да естідік. Сондықтан сол жастардың сапалы білім алуына барлық жағдайды жасау да біздің бір міндетіміз. Ағымдағы жылы мектеп түлектерінің ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысында орташа балы 74,4 пайызды құрады. Елуден астам мектеп оқушылары халықаралық, республикалық білім сайыстарында жүлделі орындарды иеленді. «Балапан» бағдарламасы бойынша биылғы жылы елу орынды «Ален», жиырма бес орынды «Айым» балабақшасы балғындардың игілігіне берілсе, жыл соңына дейін «Мүшелтой» шағын ауданынан 300 орынды және Өтенай ауылында 140 орынды балабақша қолданысқа енгізіледі. Соңғы он жылдықта қала халқы 50 мың адамға өсіп, статистикалық мәлімет талдықорғандықтардың саны 158,4 мың адамға жетті. Биылғы жылдың тоғыз айында 2742 сәби дүниеге келген екен. Бұл, әрине, қуанышты жағдай.       

 «Нұр Отан» партиясының ХV съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің бағытымыз – айқын, болашағымыз – жарқын» деді. Ендеше, біз де алаңсыз еңбек етіп, тәуелсіз еліміздің гүлдене беруіне өз үлесімізді қосамыз. Бәсекеге қабілетті ел болып, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарында тұру да алынатын қамал екенін нық сеніммен айта аламын.

Ермек АЛПЫСОВ,

Талдықорған қаласының әкімі.

Алматы облысы.

Жарқын болашақтың баянды бағдарламасы

Егемен еліміздің әр күні айтулы оқиғаларға толы. Сан алуан ұлттар мекендеген тәуелсіз мемлекетіміз әлем сахнасына достық пен татулықтың жерұйығы ретінде көтеріліп, өркениетті де дамыған елдердің ортасынан ойып тұрып орын алғаны барша отандастарымызды қуантады. Қазақстандықтар ел ертеңіне нық сенімді. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясатының арқасында қол жеткізіп отырғанымыз мақтаныш сезімін туғызатыны сөзсіз.

Бұл сөзі мен ісінде алшақтық болмайтын біртуар тұлғаның көсемдігі мен көрегендігінің жемісі, экономикасы дамыған, тұрақтылығы мығым Қазақстанның ілгері тартқан көшінің көліктілігі, бағыт-бағдарының айқындығы дер едім.

Біз әр жылдан үлкен үміт күтеміз. Ол үмітіміз, шүкір, ақталып та келеді. Мұның барлығына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы алғышарт жасап, елдің даму қадамдарын қолға ұстатқандай бедерлейтін бағдарламалары берік негіз қалайтыны дәлелдеуді қажет етпейді. Осыдан бір жыл бұрын қабылданған Жолдаудың орны бұрынғылардан гөрі ерекше маңызды, айрықша салмақты. Оның үстіне бұл Жолдау былтыр халыққа Тәуелсіздік күнінің тура қарсаңында ұсынылып, мерейлі мерекенің салтанатын анағұрлым арттыра түскені сөзсіз. Себебі, бұл Жолдауда Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы көрініс тапқан.

Елбасы Жолдауында: «Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру», деп атап өте келіп, еліміздің басты мақсаты – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру екенін жеткізді. «Стратегия-2030» қабылданғаннан бері мемлекетіміздің әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енгеніне, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі жағынан әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кіргеніне тоқталды. Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзін­де «2030» Стратегиясының мерзімінен бұрын орындауға қол жеткізілген пара­метрлерінің тұтас бір қатарын іске асырудың қорытындыларын шығаруды үл­кен абырой санайтынын да атап көр­сетті.

 – Біз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын елде ішкі саяси тұ­рақтылық пен ұлттық бірлікті сақтап, ны­ғайттық. Біздің саясатымыз табысты болды. ...Қазақстан – біздің қасиетті мекеніміз. Кейінгі ұрпақ осынау қастерлі өлкеде өмір сүріп, өркен жаятын болады. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақы қонақжайлықпен қарсы алдық.Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз, – деген Елбасының сөзіне нақты дәлел еліміздегі ұлттардың береке-бірлігі, өзара достығының арқасында жеткен та­быстарымыздың ортақ Отаны­мыз – Қазақ­станның өсіп-өркендеуіне негіз қалап отырғаны.

Жолдауда білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, инвестиция тарту, бюджет және басқа қоғам дамуының тетік­тері сынды мәселелерге ауқымды орын берілген. Бұл Жолдаудағы ай­тыл­ғандар жай сөз емес, ілгерілеу бағыттарын, өзекті мәселелерді ше­шу жолдарын айқын көрсеткен ай­рық­ша маңызды құжат деу орынды бол­мақ. Қырық жылға жуық уақытты бағдарлаған баламасыз бағдарламалар жүзеге асқанда Қазақстанның қанша­лықты өркендеген ел болатынын көз алдыңа елестетудің өзі бақыт. Бұл болашақ ұрпақтың өмірінің сәулелі болуын қамтамасыз ететін Жолдау екені айдан анық.

Павел МАГЛЕЛИ,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Ақтөбе облысы.

Сұранысқа ие мамандық

Қазақтың ардақты перзенті Әлімхан Ер­ме­ков ұстаздық еткен, академик Әбілқас Сағынов ұзақ жылдар жетекшілік жасаған біздің Қарағанды мем­лекеттік техникалық университеті инженер кадрлар даярлаудағы іс-жетістіктерімен елімізге ғана емес, сырт жерлерге танымал оқу ордасы ретінде белгілі. Оның қабырғасынан білімін тереңдетушілердің қа­та­рында Тұңғыш Пре­­зидентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да болғаны ұжым үшін зор мақтаныш.

Бүгіндегі басты мақсат та білікті мамандар сапын толықтырудағы үлгілі үрдісті уақыт талабына сай жетілдіріп, жаңартуды жаңғырту саналады. Осыған орай атқарылып жатқан ізденістер аз еместігін айта аламыз. Сөз ретінде солардың біріне тоқталғанда, университетіміз жанынан дәнекерлеу институты құрылуын атауға болады. Ол Елбасының тапсырмасына сәйкес белгілі «Тоталь» мұнай-газ компаниясының екіжақ­ты мүдделестігі арқылы отау кө­терді. Жақында халықаралық IWE бағдарламасы бойынша инженер-дәнекерлеуші мамандығын елімізде алғаш меңгергендер еңбекке жолдама алды. Бұдан былай қарай олардың қай-қайсысы мұнай-газ өндірісі саласының әлемдегі кез келген іргелі кәсіпорнында жұмыс істеуіне жол ашық.

Бұл мамандықтың өзіндік ерекшелігі не­де десек, қазіргі таң­да аталған буында бі­ліктілігі халықаралық деңгейге сай инженер-дәнекерлеушілерге сұ­раныс ұлғайып келеді. Ал осы өндіріс аса даму үстіндегі еліміз үшін мұн­дай кадрларға зәрулік қатты сезіліп отыр. Енді қазақстандық талапкерлердің шетелдерге ұзамай-ақ қат мамандықтың қыр-сырын өзімізде, яғни Қарағандыда меңгеруге мүмкіндіктері бар. Мұны­мен бірге, болашақ инженер-дәне­керлеушілердің «Тоталь» мұнай-газ компаниясы, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтіп, ысыла алуы біліктілік өсіріп, шеберлік шыңдатады.

Мемлекет басшысы жылдан-жыл­­ға дамудағы ел экономикасы үшін осындай жаңа мамандықтарды мең­геру қажеттігін «Қазақстан-2050» Стра­тегиясында алға қойды. Универ­ситеттің іс-қызметі осы талапты орын­дауға жұмылып отыр.

Светлана КВОН,

Қарағанды мемлекеттік техникалық

университетінің доценті.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30