Келіссөздер барысында тараптар денсаулық сақтау және гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Өзінің құттықтау сөзінде отандық дипломаттың сұхбаттасушысы Қазақстанның жоғары басшылығына өзінің құттықтауын жеткізіп, гуманитарлық ынтымақтастықтың одан әрі кеңее алатынына үміт білдірді. Сонымен қатар, ол орденнің Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуға ниет білдірді.
Қазақстан Республикасының Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденімен дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 4 ақпанда орнатылды.