Туризм • 11 Желтоқсан, 2020

Бозжыра қонақүйі италиялық сарапшының назарын аудартты

362 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қоғам талқысына түскен Бозжыра қонақүйі шетелдік сарапшылардың да назарын өзіне аудартты. Дәл осы сафари-отель салу идеясын Rixos қонақүй кешенін іске қосқан инвесторлар ұсынған еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бозжыра қонақүйі италиялық сарапшының назарын аудартты

Италияның сәулет және қала құрылысы саласындағы әйгілі сарапшысы, Urban Living консалтингтік компанияның өкілі Рикардо Марини Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалына барып, аймақтағы экологиялық туризмді дамыту мүмкіндіктері жайында пікір білдірді.

"Бұл тамаша жер. Бұл – тек жергілікті тұрғындар үшін ғана емес, бүкіл әлем туристері үшін жаңа әлем. Егер табиғат әсемдігі мен адамдардың оны көру ниетінің арасында жанжал туындаса, табиғи ортаға қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан бұл құндылықты сақтап, қорғап қалу өте маңызды. Бұл жағдайлар басшылықтың теріс жолда екенін білдіретін белгі. Адамдар өздері қалаған жерінде жүреді. Осы жерде жүріп байқағаным, пластик және шыны бөтелкелер шашылып жатыр", деді Р.Марини.

Сарапшы Бозжыра сияқты табиғи ресурстарды сақтап қалуда инфрақұрылым, коммуникациялар және білім сияқты ажырамас элементтер ретінде үйлесімділіктің болуын тілге тиек етті.

"Егер қонақүй ресурстары шатқалды қорғау, ағарту, және ол туралы хабардар болуға бағытталса, егер инвесторлар жобаны қоршаған ортаға үлкен қамқорлық жасап іске асырса, егер максималды түрде қалдықсыз механизм бар болса, онда бұл өте жақсы идея. Шатқалдың түбіне жаяу, атқа мініп немесе электромобильмен түсу керек. Егер туристерге табиғат аясында жүру тәртібін, қоқыс жинау қажеттілігін түсіндіретін нұсқаулықтар болып, олар дұрыс қолданылса, бүкіл әлемдегі табиғат ескерткіштері сияқты, Бозжыра шатқалын да тұрақты дамытуға болады", деді сарапшы.

Ол жақсы ойластырылған басқарудың сондай-ақ жергілікті жерді мекендейтін жануарлардың жойылуына жол бермеуге болатынына сендіріп отыр.

"Егер инфрақұрылым жете дамытылса, жануарлар жойылмайды. Бүкіл әлемде, Африкада, тіпті Еуропада адамдарға әлсіз экожүйелерде жүруге мүмкіндік беретін көптеген жерлер бар. Мұнда келушілер тек жергілікті флора мен фаунаны құрметтесе болғаны. Өрмекшілерді баспай, байқап жүретін арнайы мәдениет болуы тиіс", деді ол.

Бозжыра шатқалында сафари-қонақүйді салу идеясын қазіргі кезде қоғамдық белсенділер, жергілікті тұрғындар және ғалымдармен талқыланып отырғанын атап өту керек.