Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2020

"Алматы-Шелек-Қорғас" тас жолы жабылды

807 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райына (көк тайғақ, тұман) байланысты "Алматы-Шелек-Қорғас" республикалық маңызы бар ақылы автомобильді жолының 25-ші мен 110-ші шақырымы барлық көліктерге жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Алматы-Шелек-Қорғас" тас жолы жабылды

Сонымен қатар Үшарал-Достық жолының бірнеше шақырымы жабылды.

Алматы облыстық ТЖ баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде: "Қазақавтожол" РМК Алматы облысы бойынша филиалының және "Казахавтодор" ЖШС Алматы облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша, 2020 жылғы 12 желтоқсан 10:15 сағаттан бастап ауа райына (қатты боран, көріну жағдайы қиындауына) байланысты "Үшарал-Достық" республикалық маңызы бар автожолдың 83-ші мен 184-ші шақырымында барлық көліктерге жабылды", деп мәлімдеді.

Ведомство өкілдері азаматтардан осы бағыт бойынша сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар