Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2020

Полицияға қол көтерген бұзақы ұсталды

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицияның талабына бағынбау өкімет билігіне қарсылық деп танылады. Ал қол көтеру – ауыр қылмыстардың бірі саналады ,деп хабарлайды Egemen.kz

Полицияға қол көтерген бұзақы ұсталды

Қылмыстық кодекстің 378 бабына сәйкес билік өкiлiн қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қорлау – 80 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға және т.б. жазаланады. Ал "Билік өкiлiне қатысты күш қолдану" атты 380-ші бапта күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру – 3000 АЕК немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады делінген.

СҚО-да 1991 жылы туған бір бұзақы қоғамдық орында мас болып жүріп, патрульде жүрген полиция қызметкерінің талабына бағынбақ түгіл, оған қарсы шығып қол көтерген. Онымен қоймай қорлау сөздер айтып, оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Дамыған шетелдерде мұндай жағдай болса бұзақыға қарсы мылтық атылар еді.

Ал петропавлдық полицейлер оны күшпен ұстап, оқшаулағышқа қамады. Қазір оның үстінен ҚК 378 жән 380 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.