– Ешкі шаруашылығы – мал шаруашылығының бір саласы. Осы саланы қолға алғаныма 3 жыл болды. Ешкі өнімдерін дайындауды әрі қарай дамыту мақсатында Қазақстанда іске асырылып жатқан «Coca-Cola белестері» әлеуметтік жобасына қатысып, жеңімпаздардың бірі болдым. Осы жоба арқылы берілетін қаражатты кәсібіміздің ауқымын кеңейту үшін қажетті негізгі техникаларды сатып алуды ойлап отырмын, – деген ол әртүрлі табиғи сүт өнімдерін әзірлеп, ауылдастарының ықыласына бөленуде.
Жуырда ауыл әйелдерінің ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытында онлайн түрде III Республикалық форумы өтті. Өз кәсібін жанымен сүйіп, оны түрлендіре, жетілдіре жүргізуді қалайтын, жаңашылдыққа жаны құмар Роза шара қорытындысында жеңімпаз атанған болатын. Қазіргі таңда ол ешкі сүтінен үй жағдайында мәйек ұйытып қайнату әдісімен құрт, сары май, ірімшік секілді табиғи өнімдер әзірлейді.
Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы