Елбасы • 14 Желтоқсан, 2020

Жастар мүддесі әрдайым назарда

381 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Jas Otan жастар қанатының V съезіне қатысты, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Жастар мүддесі әрдайым назарда

Елбасы жастар қанатының мү­шелерін Jas Otan-ның 20 жылдық мерейтойымен және келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуел­сіз­дік жылдары қол жеткізген негізгі жетіс­тіктерге тоқталып, осы жолда үлкен жұ­мыс атқарылғанын атап өтті.

– Мен бүгінгі таңда күллі қа­зақ­­стан­дықтар мақтан тұтатын табыс­та­рымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақ­сы білемін. Өскелең ұрпақ қолда бар­ды қадірлеуге, Отаны­мыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақта­ныш етуге тиіс. Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда, – деді Nur Otan партиясының Төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті егемендік жылдары елі­мізде нақты әрі тиімді әлеу­мет­тік лифттер құрылғанын айтты.

– Менің бастамаммен ел үшін ең күр­делі кезеңде іске қосылған «Болашақ» бағ­дарламасымен 15 мыңға жуық жас қа­зақстандық білім алды. Бес жыл бұрын Назар­баев Университет студент­терінің алғашқы легі түлеп ұшты. Осы жылдардың ішінде оқу орнында бес мыңға жуық маман даярланды. Мем­лекет іске қосқан әлеуметтік лифттердің арқасында мыңдаған жас қазақстандық табысқа жетті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Nur Otan партиясының Төр­а­ғасы жастар қанатының мүше­леріне пандемия кезіндегі қайы­­ры­м­дылық шараларына және во­­лонтерлік қызметке бел­се­не атсалысқаны үшін зор ризашылығын білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті жастар белсенділігі әрдайым саяси прогрестің қозғаушы күш­тері­нің бірі болғанына назар аударды.

– Қазіргі кезде жігерлі әрі бастамашыл болудың маңызы ерекше. Өйткені біз тез өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп отырмыз. Көпші­лікке таныс өмір салты артта қалғаны сөзсіз. Технологиялар мүм­кін­діктеріміздің әлеуетін айтар­лықтай арттыруда, – деді Нұр­сұл­тан Назарбаев.

Елбасы елді дамыту және Қазақ­станның тәуелсіздігін нығай­ту ісіне жастардың белсене атса­лысуының маңызын атап өтті.

– Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жас­тарға тікелей байланысты. Қа­зіргі ұрпақ заман тала­бына сай дамып отыруы керек. Бүгін ай­тыл­ғандардың бәрін менің өсиетім деп түсі­ніңдер, – деді Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті.