Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2020

Мақтааралда 70 көшеге асфальт төселеді

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің облыстың оңтүстік аудандарын дамыту мақсатында қолға алынған оң жобаларының арқасында Мақтаарал ауданында жол жөндеу жұмыстары үлкен қарқынмен жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мақтааралда 70 көшеге асфальт төселеді

Жалпы Мақтаарал ауданында 86,5 шақырымды құрайтын республикалық, 208,7 шақырымды құрайтын облыстық, 44,3 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар жолдар бар және елді мекендердің ішкі көшелері 569,2 шақырымға жетеді.

2019 жылы ауданда 3,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 3 автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстарына 161 миллион теңге қаржы қаралып, нысандардың құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар 2020 жылы аудандық бюджеттен 381 миллион теңге қаржы қаралып, 51,05 шақырымды құрайтын 94 ішкі көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Жыл соңына дейін 1,6 миллиард теңгеге 62,7 шақырымды құрайтын 77 ішкі көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған болса, қазіргі таңда 70 көшеге асфальт төселді. Оның ішінде, "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында 41 көше, жергілікті бюджет есебінен 7 көше, су тасқыны салдарынан қалпына келтірілетін 29 көше бар.

Айта кетейік, А-15 республикалық автомобиль жолының Кіреберіс-Гүлістан тармағы және облыстық маңызы бар КХ-77, КХ-78, КХ-80, КХ-164 автомобиль жолдары орта жөндеуден өтсе, КХ77, КХ100 автомобиль жолдары ағымдағы жөндеуден өтті.