Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2020

Экология министрлігі Ақтаудағы бекіре зауытына қолдау көрсетеді

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысына іс-сапары барысында «Caspian Riviera» ЖШС балық шаруашылығының жұмысымен танысты.

Экология министрлігі Ақтаудағы бекіре зауытына қолдау көрсетеді

2014 жылы құрылған шаруашылық жылына 100 тонна балық өндіреді. Бекіре шаруашылығының 2400 шаршы шақырым аумақта жасанды су арнасы, Орталық Азиядағы ең үлкен жекеменшік аквариумы, ультрадыбыстық зерттеу аппараты, инкубациялық цех, балық сақтайтын тоңазытқыштары мен су сапасын тексеру зертханасы бар.

«Біздің компаниямыз 6 жыл бойы балық өсірудің түрлі әдістерін қолданып жұмыс істеп көрдік. Қазіргі уақытта үлкен бекіре шаруашылығы зауытын салуды жоспарлап жатыр. Зауыт Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағында болады. Аймақта аквамәдениет саласы болмағандықтан келіссөздерге уақыт кетті», - деді шаруашылық директоры Раушан Хамитова.

Мағзұм Мырзағалиев өз кезегінде Экология министрлігі балық шаруашылығындағы ірі жобаға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында балық шаруашылығына ерекше мән беру керектігін айтқан. 2019 жылы еліміздің балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі 66 мың тоннаны құрады. Қазақстандағы су ресурстары 600 мың тоннаға дейін балық өсіріп, экспортты 10 есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Сол себепті қазір Экология министрлігі шаруаларды қолдау мақсатында бірқатар Заңдарға өзгеріс енгізіп, субсидия беру жолдарын қарастырып жатыр.