Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында мереке қарсаңында жаңа мектептер пайдалануға берілді

693 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы Сайрам ауданында екі мектеп пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған Қарабұлақ ауылындағы №92 жалпы орта мектебі 600 оқушыға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысында мереке қарсаңында жаңа мектептер пайдалануға берілді

Аумағы 7200 шаршы метр болатын мектепте 29 жалпы сынып және 5 интерактивті сынып қарастырылған. Ақсуабад ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген білім ұясы да 600 оқушыға арналған. Мектепте 48 жалпы және 6 интерактивті сыныптар бар. Білім ұясының ашылу салтанатына Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков пен ауылдың беделді азаматтары, ұстаздар қауымы қатысты.

Сондай-ақ ауыл жастары үшін аудандағы Шапырашты елді мекенінде жабық футбол манежі пайдалануға берілді. Қазіргі таңда ауыл жастары мен жасөспірімдер санитарлық талаптарды сақтап,  денешынықтыру мен спортқа тартылуда. Ауданда осындай жабық футбол манеждер саны 20-ға жетіп отыр. Яғни барлық ауыл округтерінің орталық елді мекендерінде жастардың спортпен айналысуына мүмкіндік жасалған. Спорт нысанының ашылуында аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков жастарды салауатты өмір салтын ұстану, денсаулығын одан әрі жақсартуға шақырып, алдағы жарыстарда ауылдан чемпиондардың шығуына тілектестігін білдірді.

99