Осы күндері қоғамдық тәртіпті бақылауға 630 қызметкер қатысты.
Бұзушылықтар арасында 28 қылмыс болып, оның 23-і тез арада ашылды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар саны – 1 358. Соның ішінде 232-сі қоғамдық орындарда спирттік сусындар ішу және ішіп келу. Отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықтың 51 фактісі тіркелді. Тұрғындардың мазасын алу бойынша 50 дерек тіркелген.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, жол жүру тәртібін бұзушыларға айрықша назар аударылған.
Осы уақыт аралығында 85 жүргізуші жылдымдықты шектеулі межеден асырғаны үшін тоқтатылып, жауапкершілікке тартылды. Жаяу жүргінші жолағының тәртібін 19 адам бұзған. Ал жаяу жүргіншілердің өзі 249 рет бұзушылық жасады. Сонымен қатар 23 жүргізушінің ішімдік ішіп рөлге отырғаны анықталды.