Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2020

Байқоңырда инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асып жатыр

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байқоңыр қаласын дамыту мақсатында жол картасы әзірленіп, жұлдызды щаһардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін дамыту,  ҚР азаматтарының тұрғын үйлерін жекешелендіру, инфрақұрылымын қайта жаңарту, жаңа тұрғын үй салуға бағытталған жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқоңырда инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асып жатыр

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатов хабарлады.

Аталған жобалар аясында су бұру жүйелері қайта жаңартылыпты. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Байқоңырда білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың санын көбейту де қолға алынды. Сонымен қатар, қаланың ойын-сауық және туристік әлеуетін арттыру үшін «Россия» қонақ үйінің ғимаратын жалдан шығару мәселесі шешілуде. Мұнан өзге, әлемдік стандарттағы қонақ үй кешенін ашу үшін қазақстандық инвесторлар шақырылды. Осының бәрі қалада жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», деді Жасұлан Уәлиұлы.