06 Желтоқсан, 2013

Тәуелсіздікке тарту

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше елордадағы К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Азаттыққа жеттік біз» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Кеше елордадағы К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Азаттыққа жеттік біз» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Әдеби-сазды кеш Алаш қозғалысына ар­налған арнайы фильмнің көрсетілімімен басталды. Се­мей­ден арнайы келген белгілі әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимов өз әндерін тыңдармандарына тар­ту етсе, Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық драма театрының әртістері ана тілімізге қатысты көрі­ніс қойып, көрермендер көзайымына айналды. Маржан Арапбаева, Әсем Омарова сынды ән­шілер шырқаған әндер де тыңдарманын тамсант­пай қоймады.

«Шараның басты мақсаты – тәуелсіздік құнды­лықтарын ұлықтау, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу. Сонымен бірге, ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, мерейін асыру», – дейді кешті ұйымдастырушылар.

Шара соңында сөз алған Астана қаласы Тіл­дерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешев Алаш арыстары жайлы әңгімелеп, бүгінгі Тәуелсіздігімізге жетуге олардың сіңірген еңбектері ерекше екендігін баса айтты. Сондай-ақ, ол ана тіліміздің абыройы үшін аянбай еңбек сіңіріп жүрген бір топ тіл жанашырларына елорда әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Суретте: әнші-сазгер Тұрсынғазы Рахимов.Суретті түсірген Сұлтан СЕЙІТОВ.

Соңғы жаңалықтар