ҚХП өкілдерінің пікірінше, Қазақстандағы білім берудің негізгі проблемасы – оның қолжетімсіздігі. Партия мүшелерінің айтуынша, теориялық тұрғыдан алғанда елімізде барлығына тегін орта білімге кепілдік берілгенімен, кей жерлерде сапалы білім тек элита өкілдеріне ғана арналғаны байқалады.
– Кез келген бала, мектептің әр түлегі өздері қалаған білімге қол жеткізуі керек, – деді ҚХП Алматы қалалық филиалының жетекшісі Ә.Шапенов. – Өкінішке қарай, қазір Қазақстандағы білім ең дарынды балаларға емес, дайындығы жоғары балаларға бағытталған.