Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында Тәуелсіздік күніне орай Абай аллеясы ашылды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төлеби ауданында ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында ашылған жаңа аллея аудан орталығындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан. Сондай-ақ демеушілердің қолдауымен саябақта ұлы Абайдың еңселі ескерткіші бой көтерді. Мүсіннің биіктігі – 3 метр, тұғыры – 2 метр.

Түркістан облысында Тәуелсіздік күніне орай Абай аллеясы ашылды

Абай аллеясының ашылу салтанатына аудан әкімі Б.Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Темірғали Көпбаев және арнайы келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты. «Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, ақынның 175 жылдық мерейтойына орай бой көтерген аллея мен Абай ескерткішінің салтанатты жағдайдағы ашылуы Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Біздің бүгінгі бұл шарамыз ұлы Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етіп, оның мол мұрасын дәріптеу.  Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық»,- деді аудан әкімі.

Айта кетелік, аллеяда балалар үшін ойын алаңшалары мен спортпен шұғылдануға арналған құрылғылар және демалушылар отыратын орындықтар орнатылған. Яғни тұрғындардың тынығуына, дене шынықтыруы мен серуендеуіне барлық қолайлы жағдай жасалған.

 

 

Түркістан облысы