Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2020

Тәуелсіздік күні қарсаңында волонтерлер мен кәсіпкерлер марапатталды

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздігі күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментінде 70-тен астам ардагерлер, волонтерлар, сондай-ақ өңірдегі шаруа қожалық басшылары марапатталды.

Тәуелсіздік күні қарсаңында волонтерлер мен кәсіпкерлер марапатталды

2020 жылы полицейлер алғашқы рет жерлестеріміздің қауіпсіздіктерін ғана емес, денсаулықтарын сақтауда алғы шепте тұрды. Бұл жауапты жұмыста волонтерлар мен жұртшылық зор көмек көрсетті. Облыстық полиция басшысы полиция полковнигі Марат Төлебаев: «полицейлердің ерліктері мен батылдықтарын ел басшылығы жоғары бағалауда және азаматтардың құрметіне ие. Сондықтан алдағы уақытта да әр қызметкер ортақ еліміз – Қазақстан Республикасы игілігіне мүлтіксіз қызмет етіп, халық сенімін толық ақтауға міндеттіміз», деді.

Ортақ іске көмектескен еріктілер Светлана Левченко, Роман Шарыпов, Ксения Мокринская, сондай-ақ ІІО ардагері Петр Аксенов ПД басшысының марапаттарына ие болды. Марапаттау кезінде бас полицей еріктілердің жоғалған азаматтарды іздеуде ауқымды жұмыс жүргізгенін және басқа да маңызды тапсырмаларды орындауда көмек көрсеткенін еңбегін жоғары бағалады.

Марапаттан шаруа қожалықтары басшылары да назардан тыс қалдырмады. Ауа-райының қолайсыздығы кезінде адами және техникалық ресурстарды қажет ететін жолдардағы форс-мажор жағдайлардағы көрсеткен көмектері үшін Аққайың және Қызылжар аудандарының ЖШС директорлары Қайрат Қасқырбаев пен Леонид Рапацевичке алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні қарсаңында 8 офицер мен сержант арнайы атақтарын алды. Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Алексей Дементьевке «полиция полковнигі», процессингтік орталықтың бастығы Әсет Мәтенге «полиция подполковнигі» атақтары мерзімдерінен бұрын берілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы