06 Желтоқсан, 2013

Атқарылған жұмыс айтарлықтай

260 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше Астанада ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық барысы бойынша бір жыл ішінде атқарылған жұмыс қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты болып өтті. Оған ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік мамандандырылған көрмесінің комиссары, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев қатысты.

Кеше Астанада ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық барысы бойынша бір жыл ішінде атқарылған жұмыс қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты болып өтті. Оған ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік мамандандырылған көрмесінің комиссары, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев қатысты.

Бүгінгі баспасөз мәслихатын өткізуге себеп болып отырған басты мәселе, жақында Парижде Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) бас ассамблеясының 154-ші сессиясы болып өтті. Қазақстан осы сессияға Аста­нада өтетін ЭКСПО-2017-нің құ­жаттарын тапсырды. 2014 жыл­дың маусымында осы құжаттар бойынша ХКБ-да арнаулы тіркеу өткізіледі. Тіркеуден өткеннен кейін біздің елімізге көрме өткізу жөніндегі ЭКСПО-2017-нің арнаулы туы тапсырылады. Тек содан кейін ғана Қазақстан шетелдермен тікелей байланыстарға шығып, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу шараларын іс жүзіне асыра бастайды. Баспасөз мәсли­ха­тында БАҚ өкілдері ЭКСПО-2017 дайындық барысында бір жыл ішінде атқарылған жұмыстармен жан-жақты танысты.

Қазіргі таңда ЭКСПО-2017 көр­месіне дайындық жүргізу үшін арнайы он жұмыс штабы құ­рылған. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жанында көрме объек­ті­лерін салу және оның инфра­құ­ры­лымын дамыту штабы жұ­мыс істейді. Сонымен бірге, қа­ла инфрақұрылымын дамы­ту жә­не жаңа нысандарды салу жө­нін­дегі штаб құрылды. Бұл штаб қалалық әкімдікте құрылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайын­дық жүргізу және оны өткізу ди­рекциясы» ЖШС-на қа­райды. Ал балама энергия көз­дерін пайдалану, дамыту жә­не инвестиция тарту, туризм ин­фра­құрылымын дамыту бағы­тындағы жұмыстар Индустрия және жаңа технологиялар ми­нистрлігі жанынан құрылған штаб­қа жүктелген.

Астанада өтетін көрмеге ше­телдерді тарту мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Бұл топтың негізгі міндеті – шет мемлекеттерде Қазақстан имид­жін қалыптастыру, туризмді дамыту және жергілікті жерден келген қонақтарды көрмеге тарту, олармен жұмыс жүргізу болып табылады, деді Р.Жошыбаев өз сөзінде. Белгіленген осы ша­ралар аясында жыл ішінде «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі Авс­трияда, Ұлыбританияда, Гер­манияда, Италияда, Қытайда, Латвияда, Оңтүстік Кореяда, Францияда таныстырылды.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ер­мегияев, 2014 жылдың жазында көрменің құрылысын бастаймыз. Әрине, алда тұрған міндеттер үлкен, жауапкершілік зор. Осы ретте айтарым ЭКСПО-2017 – ұлттық жоба болғандықтан қазақ­стандық азаматтардың дайындық жұмыстарына белсенділік танытып, білек сыбана араласуы Халықаралық көрменің сәтті өтуінің кепілі болса керек. Біз өз кезегімізде ЭКСПО-2017  көрмесі мен қазақ елін бүкіл әлемге жо­ғары деңгейде көрсетуге бар күш-жігерімізді саламыз, деп атап көрсетті.

Келесі жылы ЭКСПО-2017 көрмесі ХКБ-ның арнаулы тір­кеуі­нен өткеннен кейін көрме қала­шы­ғында құрылыс жұ­мыстары жан-жақты жүргізіле бас­тайды. Үш жыл ішінде бұл аумақта 1 миллион шаршы метр­ден астам құрылыс нысанда­ры салынуға тиіс. Көрме қалашы­ғы­ның эскиз жобасы бойынша байқаудың жеңімпазы атанған америкалық компания өзінің идеяларын іс жүзіне асыру үшін құрылыс саласында озық технологияларды игерген әлемдік тәжірибелі компанияларды тартады. Ал көрме қалашығындағы құрылыс көлемінің басым бөлі­гін, 60-70 пайыз нысандарын қазақстандық құрылыс компаниялары салатын болады.

Баспасөз мәслихаты барысында оны өткізушілер журна­лис­тер тарапынан қойылған көп­те­ген сұрақтарға жауап берді.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан». 

 

Соңғы жаңалықтар