Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ
Қадыр Мырза Әли атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының өңірлік филиалы мен Орал қаласының әкімдігі, Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен өткен айтысқа ақын Бауыржан Халиолла, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі ұстаз, ақын Дариға Мұштанова, белгілі айтыс ақыны, ардагер ұстаз, жұбантанушы Үзілдік Елеубайқызы, ұстаз-ақын, «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі Талап Таймасұлы, белгілі айтыскер ақын Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Ерікқали Ахметов, белгілі айтыс ақыны, журналист, «Жайық Пресс» медиахолдингі Ақпарат агенттігінің бас редакторы Ертай Бимұханов қазылық етті.
Айтыс шарты бойынша Орынбек Меңдіқұл, Мұрадым Мирланов, Айнабек Бисенғалиев, Жарқынбек Шынтаев, Бекболат Қаленов сынды танымал ақындар осы өнерге жаңа қадам басқан жастармен жұп құрады. Қазылар тек жас ақындардың өнерін бағалады. Нәтижесінде аймақтық айтыстың бас жүлдесін қаратөбелік Райымбек Өтепов пен оралдық Әділ Ахметов бөлісті. ақтөбе қаласынан келген Сағыныш Смет пен теректілік Нұрдана Темір ІІ орынға ие болды. Сырымдық Нұрым Амангелді мен ақжайықтық Абзал Наурызғали үшінші орынға тұрақтады. Жас ақындар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Айтысқа Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дулат Жүсіпқалиев, «Marhaban» шығыс асханасы кафесінің иесі Әсет Сұлтанұлы, жеке кәсіпкерлер Айбат Мырзағалиев пен Азамат Амангелдіұлы демеушілік жасады.
Іс-шара соңында Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов сахнаға шығып, айтысты ұйымдастырушыларға шаһар басшысы атынан алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.
Батыс Қазақстан