Бүгінгі ұлық мереке рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өтті.
Салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, қала мәслихатының хатшысы Қ. Қазанбаев, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Канкуров, Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А. Шардинов, қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Р. Алшанов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Бижанов қатысты.
Сондай-ақ, мерекелік шараға Желтоқсан қауымдастықтарының басшылары, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері қосылды.