06 Желтоқсан, 2013

Ақпараттар ағыны

278 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

*Астанада ЭКСПО-2017 аясында әуежай мен вокзал салынады. Бұл туралы айтқан «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияев көрме аяқталғаннан кейін салынған нысандар 8 айдан 1 жылға дейін халықтың игілігіне пайдаланылып жасалатынын жеткізді.

*Астанада ЭКСПО-2017 аясында әуежай мен вокзал салынады. Бұл туралы айтқан «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияев көрме аяқталғаннан кейін салынған нысандар 8 айдан 1 жылға дейін халықтың игілігіне пайдаланылып жасалатынын жеткізді.

* Азық-түлік корпора­циясы қытай нарығына азық-түлік бидайын жеткізуді бас­тады. Бұл елдің ірі астық трейдерімен жасаған бітімге сәйкес биылғы жылдың соңына дейін 10 мың тонна бидай жеткізу көзделіп отыр.

* Алдағы 5 жылда елорда мен оның төңірегінен жер телімдері бөлінбейді. Осыны мәлімдеген Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун бұл маңайда ауыл шаруашылығы мен коммерциялық нысандары үшін бөлінген 14 мың гектарлық 645 жер учаскесі бос жатқанын да баяндады.

* Семейде 38 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды. Бұл жолы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша бой көтерген қоныстар кілттерін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әлеуеті әлсіз деп танылған елді мекендерден қоныс аударушыларға табыс етті.

* Талдықорғанда Бикен Римованың 90 жылды­ғына арналған халық театр­ларының фестивалі басталды. Үш күндік өнер сайысында жергілікті халық театрлары көрермендермен жүздеседі. 

* Алматы облысының әкімі бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына пәтер кілтін сыйлады. Аймақ басшысы Аңсар Мұсаханов спортшыға, сонымен қатар 2 млн. 300 мың теңгенің сертификатын да тапсырды.

* Қостанай облыстық кітап­ханасы ескі газеттердің электрондық нұсқасын әзір­леді. Сала қызметкерлерінің ерен еңбектері арқасында енді мұнда бірнеше айдан кейін электронды кітапхана жұмыс істей бастайды.

* Елдің бес аймағында ауыз су бағасы 40 пайызға көтерілді. Монополистердің еркімен осылайша қазір қым­батшылыққа Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Шығыс Қазақстан облыс­тарының жұрты ұшырағалы отыр.

ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды. 

Соңғы жаңалықтар