Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2020

Тәуелсіздік мерекесі сотталғандар арасында аталып өтті

500 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімерекесі қарсаңында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты мекемелердегі сотталғандар арасында мерекелік және жаппай мәдени іс-шаралар өткізілді. Мерекенің алғашқы күнінде мекемелерде мерекеге орай сотталғандардың салтанатты жиындары өткізіліп, мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды.

Тәуелсіздік мерекесі сотталғандар арасында аталып өтті

ГМ-172/6 мекемесінде мерекелік іс-шараны мекеме бастығының тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасары әділет капитаны Азат Шабиков сотталғандардың патриоттық сезімін көтеруге бағытталған мерекелік құттықтау сөзімен ресми түрде ашты. Мекерекелік іс-шарада сотталған М.Наркулов қазақтың қара домбырасымен терме, күйлер орындады. Жасақтар арасында қабырға газеттері шығарылып, комиссия құрамы үздік қабырға газеті номинациясы бойынша жеңімпаздарды марапаттады.

Сондай-ақ сотталғандар арасында кіші футболдан, үстел теннисінен және шахматтан спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Кіші футболдан жасақтар арасында мекеменің ауыспалы кубогы үшін турнир өткізілді. Үстел теннисінен және шахматтан өткізілген жеке дара сайыстар өте тартысты өтті.

ГМ-172/8 мекемесінде бекітілген жоспарға сәйкес концерттік іс-шараның ашылу салтанатын мекеме бастығы әділет подполковнигі Дастан Әбдірахман ресми ашып, сотталғандарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күні мерекесімен  құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді.

Сотталғандармен дайындаған концерттік іс-шараға әйелдер және ерлер қатысып, тәуелсіздік күніне арналған өлеңдер, әндер айтып көңілді өткізді. Іс-шараны сотталған Г.Суйюнгалиева және Қ.Хафезова өздері әзірлеген сценарий бойынша жүргізіп, концеттік бағдарламаны көңілді әрі қызықты өтуіне белсене ат салысты. Сотталғандар мереке барысында Қазақстан Республикасының патриоттық әндерін шырқап, желтоқсан оқиғасына қатысты әсерлі өлең жолдарын оқыды.

Ерлер жасағы арасында «Қайсар», «Жігер», «Жалын» атты командалар жасақталып, кіші фудболдан жарыс өткізілді. Мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне белсене ат салысқан және сайыстарда жүлделі орынға ие болған сотталғандарға мекеме әкімшілігі тарапынан қабырға сағаты, шашка, шахмат ойындарына арналған сыйлықтар беріліп, мекеме бастығының грамотасымен марапатталды. Сотталғандар өткізілген іс-шараға өздерінің алғыстарын білдіріп, мекеме әкімшілігіне жылы лебіздерін жеткізді.

ГМ-172/10 мекемесінде мерекелік іс-шара шаруашылық жасағындағы және оқшауланған аймақтағы сотталғандар арасында өткізілді. Концерттік бағдарламаның ашылуы мекеме бастығы әділет подполковнигі Есболат Джигитовтің сотталған азаматтарға өзара құрметтің дәстүрлі құндылықтарын сақтау және жаңа жетістіктерге оң көзқараспен қарау қажеттілігі туралы атап өткен және сотталғандарды мерекемен құттықтау сөзімен басталды.

Мерекелік іс-шараға Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының актерлері арнайы келіп, жазасын өтеп жатқан сотталғандарға әсерлі өнерлерін көрсетті.

Мерекелік іс-шарада  жанды дауыста «Елім мені аңсаған», «Алға Қазақстан», «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әндер шырқалды, викториналық сұрақтар қойылды, сотталғандардың тәуелсіздік күніне арнап шығарған өлең жолдары оқылды, мемлекетіміздің рәміздері жөнінде түсіндірілді.

Сонымен қатар, әділет майоры Галина Вебер сотталғандарға тәуелсіздікті аңсаған халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі туралы өзінің баяндамасын оқып, Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы қысқаметражды деректі фильмкөрсетілді.

Мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың туысқандарымен әлеуметтікмаңызы бар қарым-қатынасты қолдау, сотталғандар арасында моральдық-психологиялық климатты қалыптастыруға бағытталған мерекелік іс-шара желтоқсанның 16-сы мен 18-і аралығында ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар