Экология • 19 Желтоқсан, 2020

Экобелсенділер «Алматының қарағайлы орманына» 470 көшет отырғызды

171 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік мерекесі кезінде экобелсенділер да қарап отырмай, Алатау ауданындағы АвтоХҚКО-ға барар жолда орналасқан «Алматының қарағайлы орманы» аумағына 470-тен астам қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызды. Жоба осы жылдың басында «ECO FUND TABIGAT» Жекеменшік қорымен жомарт қалалықтардың, сондай-ақ бизнестің қатысуымен құрылды. Жоба қолға алынғаннан бері Жасыл экономика басқармасы мен Алатау ауданы әкімдігінің қолдауымен «Алматының қарағайлы орманы» аумағында 2 500 астам ағаш егілді.

Экобелсенділер «Алматының қарағайлы орманына» 470 көшет отырғызды

«Алматының қарағайлы орманын» дамыту жалпы қаланың экологиясына ғана жағымды әсер етіп қоймай, оның төменгі бөлігінде қажетті инфрақұрылым қалыптастырады, бұл осы ауданның тұрғындары үшін өте қажет. «Алматының қарағайлы орманы» біртіндеп экологиялық және спорттық іс-шаралар өтетін орынға айналады деп жоспарланған. Саябақта лайықты спорттық инфрақұрылымды да дамыту көзделген. Бұл жобаның дамуына түрткі болған «ECO FUND TABIGAT» ЖҚ өкілдерінің зерттеулерінің негізінде қала аумағында жасыл желектердің өткір жетіспеушілігінің анықталуы, атап айтқанда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының нормалары талап еткеннен 4 есе аз.

«Қазір Алматыдағы жасыл желектердің ауданы 894 гектарды құрайды, яғни қала ауданының 1,3% ­– бұл бір тұрғынға шамамен өсімдіктердің 5 шаршы метрін құрайды. Алайда, Алматы секілді өнеркәсіпті қалалар үшін ДДҰ ұсынатын қазіргі заманғы норма қаланың жалпы алаңының 40-60%-ын, яғни оңтүстік астананың бір тұрғынына 153 шаршы метрді құрауы тиіс. Осы статистикаға сүйене отырып, неге Алматыда аллергиямен ауыратындар мен тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар адамдар көп деген өзекті сұраққа жауап бірден айқын болады. Жыл сайын Алматы бойынша респираторлық және аллергиялық аурулардың өсуі 7-10%-ды құрайды», – дейді «Алматының қарағайлы орманы» жобасының бастамашысы, «ECO FUND TABIGAT» ЖҚ төрағасының орынбасары Тимур Елеусизов.

66

Бұл іс-шара сарапшыларды, мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін, сондай-ақ бизнес өкілдерін жинады. Бүгінгі көшеттер отырғызуға «Учет.kz», «Evrika» ­– техника мен электрониканы сату бойынша оңтүстік өңірдің көшбасшысы, «Exlusiv-Qurylys» компаниясы және «Технодом» компаниясы белсенді түрде қолдау көрсетті. Осы компаниялардың қолдауымен «Шетсіз қала» және «Жасыл Алматы» бағдарламалары шеңберінде осы жылдың басында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бөлген 78 га учаскеге кәдімгі қарағай мен шырша көшеттері сатып алынды. Осылайша, биіктігі 1,3 метрге дейін бір қарағай көшет мен оны отырғызып, күтіп-баптау құны бүгінгі күні 12 000 теңгені құрайды. Жобаға бөлінген жалпы алаң 35 мыңға жуық түрлі ағаш отырғызуды көздейді.

9997

Биылғы жылдың соңындағы оқиғалар барлық құрылымдар өкілдерінің назарын қаламыздың экологиясы мен көгалдандыру ісіне көбірек ауып тұр. «Evrika» компаниясының Коммерциялық директоры Данияр Сасықовтың айтуынша, еліміздің кез келген қаласының экология саласындағы негізгі міндеттері жасыл қорды дамыту мен қорғаудың қазіргі жағдайларын жетілдіруге, жаңа жағдайлар жасауға және енгізуге бағытталуы тиіс. «Біз бизнес ретінде өз табиғатымызды қорғауға байланысты мәселелерді шешуде жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Егер біз табиғатымызды қорғап, сақтамасақ, онда балаларымызға не қалады? Әрбір жауапты азаматтың басты қамқорлығы - бұл өз балаларының болашағына деген қамқорлық, олар қазір біз бен  сіздерде бар игіліктерді алып, осы игіліктерді сақтап қана қоймай, сонымен қатар көбейту жауапкершілігі», деп атап өтті Данияр Сасықов.

745

Жобаның барлық қатысушыларының мақсаты эко саябақты құру ғана емес, оның сапасын қолдау болып табылады. Осы жобаның іске асырылуын қолдаушы Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Жасыл экономика басқармасының өкілдері аталған бастаманы дамытуға қолдау білдірді, сондай-ақ оны іске асыру кейіннен отырғызылған ағаштарды қорғау мен оларға күтім жасауға қатысты тиімді шаралар құруды талап ететінін атап өтті.

Бұған дейін жергілікті аудандық билік атап өткендей, саябақ суармалы сумен қамтамасыз етілетін болады.