Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2020

Jasyl Almaty: Келер жылы 380 мың ағаш отырғызылады

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы аккаунтында алдағы үш жыл ішінде Jasyl Almaty абаттандыру бағдарламасы бойынша 1 млн ағаш отырғызылатынын еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz

Jasyl Almaty: Келер жылы 380 мың ағаш отырғызылады

«Өткен жылы 135 мың ағаш егілсе, биыл 282 мың. Бұл бес жылдық норма. Көгалдандыру алаңы өткен жылғы 7,7 шаршы метрден бір адамға 8,5 шаршы метрге жетті. Келесі жылы тағы 380 мың ағаш отырғызамыз. Бес жаңа саябақ аймағы құрылады. 2022 жылы бір адамға жасыл желектердің ауданы 11 шаршы метрді құрайды. Норма бойынша 10 шаршы метр болуы керек», деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

44

Көгалдандыру жұмыстарына қарапайым қала тұрғындары, экобелсенділер, бизнес, құрылыс пен сауда компанияларының өкілдері қатысты. Олар көшеттер алып, команда болып жасыл белдеу құруға атсалысуда. Соның бірі Алатау ауданындағы – «Сосновый бор».

75

«Жақында 65 га аумаққа 480 қылқан жапырақты ағаш отырғыздық. Бүгінде мұнда үш мыңға жуық ағаш бар. Бұл жер қаланың тартымды аймағына әрі оттегі фабрикасына айналады», деді мегаполис әкімі.