06 Желтоқсан, 2013

Мүгедек балалар мұңаймасын деп

345 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстаудағы белгілі кен орнының бірі – Доңға. Қазіргі таңда осы өңірде «Maersk Oil» компаниясы «Партекс» және «Оман Ойл Кампани Лимитед» компания­ларымен бірге Доңға жобасын жүргізуде. Олар жергілікті тұрғындардың өміріне әлеуметтік тұрғыда көмек білдіруге, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетуге атсалыса бастады.

Жуырда олар Ақтау қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы көлік сатып алуға 35 000 АҚШ долларын бөлді. Аталмыш санаттағы балалардың ата-аналары бастамасымен құрылған «Здоровье детям» ұйымының хатына жауап ретінде берілген көлік балаларды үйлерінен медициналық мекемелеріне, қала сыртына демалысқа апаруға және жергілікті ат шаруашылығына терапия алу үшін баруға тасымалдайды.

– Жергілікті қоғамның денсаулығы және қауіпсіздігі «Maersk Oil» компаниясының әлеуметтік жарнасының басым бағыттарының бірі болып табылады. Биыл жазда біздің компания Ақшұқыр ауылында емхана салуға 850 000 АҚШ долларын инвестициялады. Мүмкіндігі шектеулі және сау балалар бір-бірімен тең деп санаймыз, олар қалыпты, белсенді өмір сүрулері керек. Біз өңір тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты жобаларды қолдауды жалғастырамыз, – деді «Маерск Ойл Қазақстан» компаниясының басқарушы директоры Мортен Келструп көлікті тапсырып тұрып.

Осылайша, 2007 жылы құрылған ерекше қажеттіліктері бар балаларға сауықтыру мен социумға бейімделу жайында көмек көрсетуге арналған қор көлікті болды. Қорға тіркелген невролог, кардиолог, логопед, аллерголог, психолог секілді медицина мамандарынан ем алатын 286 баланың 10 пайызы мүгедектер арбасын қолданады екен.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.

Соңғы жаңалықтар