Апат салдарынан 13 адам қаза тауып, үшеуі жарақаттанған. Басылымның деректеріне қарағанда, жолаушылар жүрдек пойызы автобуспен теміржол өткелінде соқтығысып, көлікті рельс бойымен шамамен 500 метрге дейін сүйреп кеткен.
Автобустағы 11 жолаушы оқиға орнында жан тапсырды, бесеуі ауруханаға жеткізілген, сол жерде тағы екі адам алған жарақат салдарынан көз жұмды. Полицейлер мен құтқарушылар оқиға орнына жетті.
Алдын ала ақпаратқа қарағанда, келеңсіз жағдай теміржол өткеліндегі қызметкердің жұмыс кезінде ұйықтап қалуы салдарынан орын алған. Елдің батысында теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды.