Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2020

Павлодарда азық-түлік бағалары себепсіз қымбаттаған

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асаин Байханов өзінің Instagram желісінде жергілікті кәсіпкерлер азық-түлік бағасын себепсіз көтергенін жазды,деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда азық-түлік бағалары себепсіз қымбаттаған

Павлодарлықтар әлеуметтік желіде азық-түлік бағасының Жаңа жыл қарсаңында аяқасты көтерілгеніне наразылық білдірді.

Олар қияр, қызанақ, мандарин және тағы басқа жеміс пен көкөністің қымбаттағанын жазды. Бұл жайтқа өңір басшысының орынбасары көз жеткізді. 

"Кеше үйге азық-түлік алу үшін Сәтбаев көшесіндегі Small дүкеніне бардым. Сатып алушылар көп болды, кассада кезек ұзақ тұрды. Екі күн бұрын "Рақмет" базарына көтерме бағаны қадағалау үшін барғанмын. Мен бұл шағымның орынды екенін қолдаймын, бағаның негізсіз көтерілгені көрініп тұр. Бұл әртүрлі дүкенде бір тауардың бағасы бірдей емес екенінен білінді. Оның үстіне олардың кейбірі бір-бірінен 50-100 метр жерде тұр", деп жазды Байханов.

Асаин Байхановтың айтуынша,бөлшек саудада азық-түлік бағасын тексеру үшін облыста аймақтық комиссия құру туралы шешім шығарған.

Оның құрамында кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармасының, антимонополия органы, СЭС өкілдері бар. Сондай-ақ топқа өзі жетекшілік ететінін айтты.

Облыс әкімінің орынбасары тексерістің қорытындысы туралы хабардар етуді уәде етті.