Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2020

Солтүстік Қазақтанда елік атқан күдіктілер ұсталды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері төрт елікті заңсыз атқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақтанда елік атқан күдіктілер ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы табиғатты қорғау полицейлері мүдделі ведомстволардың қызметкерлерімен жануарлар дүниесін браконьерлерден қорғау бойынша тұрақты бірлескен рейдтерді өткізді.

5 желтоқсанда кезекті рейд барысында Мамлют ауданының полиция бөлімі табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Меңгесер аңшылық шаруашылығы қорықшысымен Катанай ауылы маңындағы жерде Петропавлдың 37 жастағы тұрғыны басқарған Nissan Hilux автокөлігін тоқтатқан.

Көлік ішінде тағы бір қала тұрғыны пен екі аудан тұрғыны болған.

Көлік салонынан қынапқа салынған тегіс ұңғылы қару, 42 патроны бар оқшантай, пышақ табылды. Жүксалғышта басы кесілген, оқ атылған төрт сібір елігі жатқан.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы (заңсыз аңшылық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазіргі уақытта екі қарудың иесі 54 және 48 жастағы ауыл тұрғыны күдікті деп танылды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жануарлардың денесі, қару мен автокөлік тәркіленді, қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Күн мен түн 22 наурызда теңелмейді

Наурызнама • Бүгін, 17:41