Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 желтоқсанда 95, ал кеше 74 адамнан қауіпті індеттің белгісі анықталып отыр. Мұның ішінде науқастардың дені - Теңіз кенішінің жұмысшылары. Мұнда соңғы екі тәулікте 123 жұмысшы қауіпті індетке шалдыққан.
«Қазір 249 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда – 78, ал, аудандардағы стационарларда 13 пациент жатыр. Ал, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 321 адам ем қабылдауда», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Өткен тәулікте 112 адам қауіпті індеттен жазылып шықты.