Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2020

Коронавирустың таралуы бойынша қай өңір «қызыл» аймақта тұр

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша бес күннен бері «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Egemen.kz. Сонымен қатар инфекцияның таралуы бойынша төрт өңір «сары» аймаққа кіреді.

Коронавирустың таралуы бойынша қай өңір «қызыл» аймақта тұр

20 желтоқсандағы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері бойынша «қызыл» аймақта тек Атырау облысы тұр. Аймақ оған 16 желтоқсанда кірді.

«Сары» аймақта төрт облыс бар: Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен  басқа да облыстар «жасыл» аймаққа кіреді.

Өткен тәулікте Қазақстанда 652 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Ең көп науқас Павлодар және Атырау облыстарында тіркелді. Алты науқас COVID-19 инфекциясынан қайтыс болды. Қазіргі уақытта 25 350 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр.

 

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 146 584 адам коронавирус жұқтырды.

Өткен тәулікте Қазақстанда 25 адам коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдықты. Бірінші тамыздан бастап Қазақстанда 44 мыңнан астам адам коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырды.

Соңғы жаңалықтар