Спорт • 20 Желтоқсан, 2020

«Барыс» «Куньлуньді» қапы қалдырды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанның «Барысы» Қытайда жергілікті «Куньлунь» клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Барыс» «Куньлуньді» қапы қалдырды

Қонақтар бәсекені қарқынды бастағанымен, қарсыластарының қақпа кілтін ұзаққа дейін таба алмады. Керсінше, алғашқы шайбаны айдын иелері соқты. 18-минутта Хантер Шинкарук нысанан дәл көздеді. Одан кейін 35 минут бойы қос команда бір-бірімен арпалысқанымен, таблодағы есепті өзгерте алған жоқ. Тек 54-минутта Кертис Волк пен Линус Виделль ұйымдастырған шабуылды Самат Данияр сәтті аяқтады. Осылайша, ойын овертаймға ойысты. Қосымша уақытта Даррен Лиц мергендік танытты. Нәтижесінде бұл матч 2:1 есебімен «Барыстың» пайдасына шешілді. 

Қазіргі кезде «Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігінің жарыс кестесінде 17 орынды иеленуде. Жерлестеріміз 33 кездесуден кейін 37 ұпай жиды. Елордалық клуб өзінің келесі кездесуін 21 желтоқсанда Төменгі Новгородта жергілікті «Торпедоға» қарсы өткізеді.