Спорт • 20 Желтоқсан, 2020

Жүлде қоры - 54,5 миллион доллар

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі жылдың ақпа айында Мельбурнде өтетін теннисшілердің Аустралияның ашық біріншілігінің жүлде қоры 54,5 миллион АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жүлде қоры - 54,5 миллион доллар

Жоғарыдағы ақпаратты айтулы жарысты ұйымдастырушылар өздерінің ресми сайтында жария етіп отыр. «Күллі әлемді жайлаған пандемия көптеген қолайсыздықтар туындатып отырғанына қарамастан, біз жүлде қорын былтырғы мөлшерден төмендетпеуге барынша күш салдық. Сонымен қоса, тағы бір жақсы жаңалығымыз бар. Мәселен, 2021 жылы өтетін турнирде алғашқы айналымда сүрінген теннисшілердің әрқайсысына 76 мың доллардан табыс етіледі. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордтық сомма. Және де іріктеу турниріне қатысатындардың да сыйақы мөлшері көбейеді. Бұл – әлемдік рейтингте төменгі орындарға жайғасқан ойыншыларды қолдау мақсатында қолға алынып отырған шара», делінген сайтты.

Естеріңізге сала кетейік, Аустралияның ашық біріншілігі 1905 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Биылғы жарыста ерлер арасында сербиялық Новак Джокович жеңімпаз атанса, әйелдер сайысында америкалық София Кенинге тең келер ешкім болмады.