Әлем • 21 Желтоқсан, 2020

Бағдадтағы АҚШ елшілігіне шабуыл жасалды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ билігі Ирак астанасындағы елшілікке зымыран атылғанын айыптап, елдің барлық саяси және үкімет басшысын мұндай шабуылдың алдын алуға және кінәлілерді жауапқа тарту үшін тиісті шараларды қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бағдадтағы АҚШ елшілігіне шабуыл жасалды

Бағдадтағы АҚШ елшілігі зымыранды атып құлату үшін C-RAM қорғаныс жүйесі іске қосылғанын мәлімдеді.

Осыған байланысты АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео: «Шабуылды Иран жасақтарының жасағаны айдан анық. Елшілік қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шекпегенімен, шабуыл салдарынан жергілікті тұрғын қаза тапты. Сондай-ақ елдің азаматтық меншігіне зиян келтірілді», дейді ол.

Ирак президентінің баспасөз хатшысы да шабуылды айыптап отыр. Осы орайда Ақ үйдің ресми өкілдері шабуыл жасады деп Ирак қолдау көрсететін жасақтарды айыптағанымен, Иран қолдайтын бірде-бір жасақ жауапкеркешілікті алған жоқ.

Ирактың қауіпсіздік қызметі зымыран қондырғыларын іздеп жатыр. Енді аталған жайттан кейін қауіпсіздік күштері Бағдадтағы АҚШ елшілігін қырағы күзететін болды.