06 Желтоқсан, 2013

Қытайда 4 мың жылдық тарихы бар көне қаланың орны табылды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06 12 - Kitai kone kalaҚытай Халық Республикасы Ухань қаласындағы университет археологтары елдің шығысындағы Аньхой провинциясында шамамен 4,5 мың жылдық тарихы бар көне қаланың орнын тапты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Археологтар қаланың тік тұрған дуалдары мен қазылған орларын, сондай-ақ бірнеше тұрғын үйдің іздері мен тұрмыстық заттарды анықтаған. Қазба жұмыстары барысында топырақ астынан бұғының мүйізі, бас сүйектің қаңқасы, бидай мен күріштің тұқымдары табылды. Ғалымдар бұларды Хань әулеті (б.д.д. 206 ж. – б.д. 220 ж.) билеген кезеңдегі бұйымдарға жатқызып отыр.

«Мұның бәрі сол ескі замандарда бұл өңірлерде қайнаған тіршіліктің болғанын көрсетеді», – деді Ухань қаласындағы археология университетінің профессоры Хэ Сяолинь (суретте).

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар