Қоғам • 22 Желтоқсан, 2020

Сайлауды әділ өткізу – халық таңдауына деген құрмет

211 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) байқаушылар миссиясының делегаттары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы (ҚРКФ) байқаушыларының республикалық штабында болды.

Сайлауды әділ өткізу – халық таңдауына деген құрмет

Делегацияны ЕҚЫҰ-ның электоралды шолушысы Михаела Сивич басқарды.

Кәсіподақтар федерациясы аты­нан бұл кездесуге ҚРКФ бай­қау­шылары Республикалық шта­бы­ның төрағасы Нұрлан Өте­шев, Нұр-Сұлтан бойынша байқаушылардың аймақ­тық штабының төрағасы Төле­ген Кү­нәділов және ҚРКФ бай­қау­шыларының республикалық штабының аналитик-сарапшысы Шерзод Пулатов қатысты.

Михаела Сивич кәсіподақтар феде­рациясының сайлауды бай­қауға қатысуының мақсаттары мен міндеттері туралы сұрады.

«2 миллион мүшесінің мүд­делерін қорғайтын Кәсіп­одақтар Федерациясы ең маңызды ішкі саяси процестерден тыс қала алмайды және сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын сақ­тауды қолдайды. Қараша айында біз байқаушы ретінде Мәжіліс пен мәслихаттар депутат­тары­ның сайлауына қатысу туралы мәлімдеме жасадық», деді Н.Өтешев.

Ол шетелдік әріптестеріне кәсіп­одақтардан байқаушы­лар­дың Республикалық және ай­мақтық штабының жұмысы туралы, оның ішінде байқаушыларды оқыту шаралары, БАҚ-пен өзара іс-қимыл және ұйымдастыру жұмыстары туралы хабардар етті. «Кәсіподақтар федерациясының байқаушылары ретінде ел бо­йынша шамамен 7000 кәсіподақ мүшелері қатысады. Кәсіподақ бай­қаушылары барлық сайлау кезеңінде азаматтардың сөз бос­тан­дығына құқықтарын қамта­масыз етуге бағытталған. Біз сайлау процесінің елдің заңдарына сәй­кес өтуін қамтамасыз етеміз. Елдегі штаб­тардың басшылары саяси пар­тиялармен, жұ­мыс бе­ру­­­ші­лермен және еңбек ұжым­да­ры­­мен кездесулер өткізіп, аза­ма­т­­­тардың сөз бостандығын бұзу­ға жол беріл­мейтіндігі туралы ақ­­па­ратты жеткізді», деді ҚКРФ бай­­қау­­шылар штабының төрағасы.

Кездесу аясында ҚРКФ штабы мен мониторинг жүргі­зетін басқа үкіметтік емес ұйым­дардың өзара іс-қимыл мәселе­лері де талқыланды.

Байқаушыларды даярлау жөніндегі жұмыс туралы айта отырып, Н.Өтешев Сайлауды партиялық емес байқау орталығы аясында байқаушыларды оқыту жөніндегі Азаматтық Альянспен бірлескен бастамалары туралы айтты. Орталық бүкіл ел бойынша сайлау учаскелерін барынша қамту үшін байқаушыларды ең жақсы халықаралық стандарттар шеңберінде оқытады.

Халықаралық ұйым өкілдері Қазақстандағы ЕҚЫҰ кеңсесінің байқаушылар миссиясының жұмысы туралы айтты. Михаела Сивич ДИАҚБ бақылаушылары парламенттік сайлауды ЕҚЫҰ міндеттемелеріне және басқа да халықаралық міндеттемелерге, сондай-ақ демократиялық сайлау стандарттарына сәйкестігі үшін бағалайтынын баса айтты. «Байқаушылар сайлаушылар мен кандидаттарды тіркеуді, үгіт-насихат жұмыстарын, сайлау әкімшілігі мен тиісті мемлекеттік органдардың жұмысын, сайлауға қатысты заңнаманы және оның қолданылуын, бұқаралық ақ­парат құралдарын және сай­лауға қатысты дауларды шешуді мұқият қадағалайды», деді халықаралық сарапшы.

Кездесу барысында ҚРКФ-ның сайлау процестеріне қаты­суы­ның маңыздылығы атап өтілді. Тараптар бірауыздан ұлт­тық және халықаралық заң­нама­ның талаптарына сәйкес, Қазақстанда ашық және әділ сайлау өткізудің маңыздылығын атап өтті.