Медицина • 22 Желтоқсан, 2020

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мәселесі талқыланды

315 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов ДДҰ-ның Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Географиялық жағынан қашық орналасқан офисі ұйымдастырған «МСАК туралы айтсақ» атты ай сайынғы вебинар сериясын іске қосуға арналған жиынға қатысты. Саясаткерлер, денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастырушылар, ДДҰ Еуропалық аймағының сарапшылары ай сайын алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен оны нығайту жолдарын талқылайды.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек мәселесі талқыланды

«Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету: Тө­тен­ше жағдайға реакция неме­се нақты трансформация?» та­қырыбында өткен семи­нарға ДДҰ Еуропалық аймақ­тық бюросының елдік саясат және денсаулық сақтау жүйе­лері бөлімінің директоры Наташа Азопарди Мускат, Ұлыб­рита­ниядан келген Nuffield Trust Бас директоры Найджел Эдвардс және Литвадағы отбасылық медицина клиникасының басшысы, отбасылық дәрігер Ида Лисецкене қатысты. ДДҰ МСАК жөніндегі ГҚО басшысы Мелитта Якаб модератор болды.

Вебинардың бірінші бө­лімінде спикерлер COVID-19 пан­демиясы басталғалы алғаш­қы медициналық-санитар­лық көмек деңгейінде қызмет көр­сетудегі өзгерістер панде­мияға қарсы реакция ма, әлде денсаулық сақтау жүйесіндегі ұзаққа созылатын нақты трансформация ма деген мәселені талқылады.

М.Шоранов пандемия бас­талғаннан кейін 11 ай өткен соң Үкімет арнайы шаралар қа­былдап, отандық денсаулық сақтау жүйесін қайта құруды бастағанын атап өтті. Ал заң­нама, инфрақұрылым, дәрі-дәрмек сатып алу әдісін және қызметкерлерге білім беру бағ­дарламасын жетілдіру бо­лашақта пандемияның алдын алуы үшін қажет. Сондай-ақ дә­рігерлік қабылдаудан бас тарту және телефон мен бейне консультацияға көшудегі МСАК деңгейінде қызмет көр­сетудегі өзгерістердің салдары талқыланды. Инфекция таралуының алдын алуға ық­пал ететін саяси шешімдер қа­былданады, мысалы, ин­фек­цияға күдікті пациенттерге жеке кіруді ұйымдастыру, мо­бильді топтар және медицина қыз­меткерлерінің денсаулығын қорғау іспетті. Сонымен қатар сарапшылар МСАК деңгейіндегі мультидисциплинарлық коман­далардың жұмысын талқылады. М.Шоранов COVID-19 панде­миясы кезінде МСАК бри­гадалары пациенттерге, әсі­­ресе қо­сымша ауруы бар нау­­­­қас­тар­ға көмек көрсетуде үл­­­кен рөл атқарғанын атап өтті. Мұн­дай командалар Қазақ­станда 2018 жылы МСАК жө­ніндегі Астана Декларациясы қабылданғаннан кейін дайындала басталды. Қазақстанда бастапқы буын мамандарының мультидисциплинарлық командасында (шамамен 40 мың адам): отбасылық дәрігерлер, отбасылық медбикелер, патро­наждық медбикелер, әлеуметтік қызметкерлер (2500 адам), психологтар (1500 адам), СӨС мә­селелері бойынша мамандар, ден­саулықты нығайту бойынша 9 негізгі мектепті жүргізушілер жұмыс істейді.

Бұдан әрі талқылау пациенттерге қолжетімді медициналық қыз­меттерге қатысты болды. Ве­бинардың екінші бөлімінде талқылауға Еуропалық аймақ елдерінің денсаулық сақтау сарапшылары қосылды. Тал­қылау 2 тақырыпқа бөлінді: «Шұғыл әрекет ету немесе тұ­рақты трансформация?» және «Кедергісіз инновациялар». Вебинар  ағылшын және орыс тілдерінде өтті. Мұндай іс-ша­ралар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бо­йын­ша жұмыс істейтін түрлі деңгейдегі сарапшыларды жинайды, пікір алмасуға, әлеуетті арттыруға, денсаулық сақтау жү­йесін нығайтуға ықпал етеді және сайып келгенде, халықтың денсаулығын жақсартуға әсер етеді.