Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020

Жамбыл өңірінде көрсеткіштер қандай деңгейде?

152 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде мемлекет қазы­насы­нан өңірлерге тиісті қара­жат бөлінуде. Алайда ат­қарылған жұмыс бөлінген ақша­ның көлеміне сай болуы керек. Ал бұл көрсеткіш Жамбыл об­­лы­­сында қай деңгейде? Жуыр­да Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орта­лығында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы бір­қатар басшылардың идеоло­гиялық салада атқарылған жұмыс­тарының есебін тыңдады.

Жамбыл өңірінде көрсеткіштер қандай деңгейде?

Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мақпал До­сым­­бекова Мемлекет басшысының қол­дауымен өңірде «Бейбітшілік пен келі­сім» жобасы жүзеге асырылуда екенін, тұрғындардың наразылығын тудыруы мүмкін өзекті мәселелерді ескере отырып, қауіп-қатерлер карта­сы әзірленгенін, «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 123 үйдің құры­лысы басталып, бүгінгі таң­да 60 үйдің кілті табысталғанын, ал «Үл­гілі ауыл» байқауына 13 ауыл қатыс­­қанын баяндады. Сонымен қатар­ облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұр­бол Жүнісбековтің айтуынша, биыл атал­ған саланы дамытуға 5,8 миллиард тең­ге бөлінген. Спорт­­пен жүйелі шұғыл­дана­тын жам­былдықтардың саны 359,3 мың адам­ды құрайды. Бұл орайда, облыс тұр­­ғындары үшін қолжетімді 2 590 спорт нысаны жұмыс істеп тұр. Спорт­­тың әр түрі бойынша еліміздің ұлт­тық құрамасына 1 121 жам­был­дық спортшы енген. Бас­қарма бас­шысы бір жаттықтырушыға Қа­зақ­­стан­ Республикасының еңбек сіңір­ген жат­тықтырушысы, 42 спорт­шыға еліміз­дің спорт шебері, екі спорт­шыға халық­аралық дәрежедегі спорт шебері, бір маманға ұлттық спорт түрлері бойынша спорт ше­бері атағы берілгенін жеткізді. Ал 23 маман жоғары санаттағы жат­тықтырушы атанған. Сондай-ақ Токио Олимпиадасына жолдама ал­ған дзюдошы Елдос Сметов, еркін кү­рес шебері Әлішер Ерғали, боксшы Әбіл­хан Аманқұл өңір мақтанышы екенін де атап өтті.

Облыстық мәде­ниет, архивтер және құжаттама бас­қар­масы басшысының міндетін атқа­рушы Сара Мәдиева биыл облыстың мәдениет саласына 7,1 мил­лиард теңге, ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдар­ламасы аясында 499,4 миллион теңге игерілуде екенін айтты. «Ауыл – ел бесігі» бағ­дарламасы бойынша жалпы кө­лемі 660 миллион теңгеге үш мәде­ни нысанның құрылысы жүзеге асы­­рылуда. Ал «Цифрлы Қа­зақ­стан» кешенді бағдарламасы шең­берінде 139 ауылдық округте кітапханалар жанынан 202 цифр­ландырылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылған. Ка­рантин талаптарының енгізілуіне бай­ланысты биылғы наурыз айынан бастап онлайн режімде 10 444 іс-шара ұйым­дастырылған. Өз сөзінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров өңірде 358 діни бірлестік пен филиал, 312 мешіт және 46 шіркеу жұмыс істейтінін хабарлады. Қазір көптеген адамдар өз пікірлерін әлеуметтік желі арқылы білдіруде. Көптеген сындар айтылуда. Олардікі орынды. Алайда тұрғындар көбіне аймақта жүзеге асып жатқан ауқымды шаралар туралы біле бер­мейді. Сондықтан ішкі саясат бас­қармасы әлеуметтік желілермен жұ­мыс істеуі тиіс. Сонымен қа­тар үкі­меттік емес ұйымдардың қыз­метін бақылауға алу қажет. Олар­ға жеткілікті деңгейде қаражат бө­лінуде. Жұмыс та соған сай болуы керек. Неге облыстық филармония ауыл­дарға барып, ауыл тұрғындарына өнер көрсетпейді? Осыған назар ауда­руыңызды сұраймын», деді Б.Сапарбаев.

Жалпы, ағымдағы жылдың 11 айы­ның қорытындысы бойынша Жамбыл облысы жоғары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Өңір­дегі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік және байланыс секілді алты негізгі саланың даму динамикасы айрықша маңызды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, оның қысқамерзімді экономикалық ин­ди­каторы 102,5 пайызды құраған. Сондай-ақ ол ел Үкіметі мен облыс әкімі ара­сындағы меморандумда бел­гіленген индикаторлардың орындалуы туралы баяндап, бүгінгі таңда 22 индикатордың 18-іне қол жеткізілсе, біреуінің асыра орындалғанын айтты. Ал 3 индикаторға қол жеткізілмеген. Өнер­кәсіп өнімдерінің экспорты мен негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу көрсеткіштері төмен. Ал үшінші индикатордың орын­далмауына ана өлімі әсер еткен. Өт­кен кезеңде облыстық бюджеттің ат­қарылуы кірістер бо­йынша 102 пайызды құрап, салықтық түсімдер 110,3 пайызға қамтамасыз етілді. Бұл ретте облыс бо­йынша бюджет қаражатын игеру 99,4 пайыз­ды құраған. Облыстық қаржы басқарма­сының басшысы Роза Исаева бүгінгі таң­да игерілмеген 2 миллиард 493 мил­лион теңге қалып отырғанын, осы орайда Шу ауданының жұмысы баяу екенін, онда игерілмеген бюджет қаражатының көлемі 329,7 мил­лион теңгені құрап отырғанын жет­кізді. Ал алдын ала есептеулер бойынша облыстық денсаулық сақ­тау басқармасында 364 мил­лион тең­геден астам қаражат игерілмей қа­лу ық­тималдылығы да айтылды. Бұл тізімге Тараз қаласы, Байзақ ауданы мен облыстық кәсіпкерлік және ин­дустриалды-инновациялық дамыту басқармасы да енеді. Бұл орайда, Б.Сапарбаев Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне бөлінген бюджет қаражатын игеруге және 2020 жылға белгіленген міндеттемелерді орындауға бар күш-жігерін салуды тапсырды. Сондай-ақ облыс әкімі коронавирус бойынша жағ­дай әлі де алаңдатарлық күйде екенін атап өтті. Өңірдегі бас дәрігерлерге тұр­ғын­дар сапалы медициналық қызмет алуы үшін басқа елге сабылмауы керек­тігін ескертті.

Б.Сапарбаев облыстық перина­тал­дық орталықта өткен кездесуге де қатысып, денсаулық сақтау сала­сын­дағы жағдаймен таныс­ты. Облыстық ден­саулық сақтау бас­қармасының басшысы Әсет Қалиев­тің айтуынша, аталған саланы да­мытуға 90 мил­лиард теңгеден ас­там қаражат бөлінген. Облыстық көп­­бейінді аурухананың базасында дұрыс тамақтану орталығы, көп­бейінді балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашыл­ған. Жедел жәрдем машиналары GPS навигациясымен жабдықталған. Сондай-ақ 18 реанимобиль, 8 жылжымалы медициналық кешен және 70 санитарлық автомобиль сатып алынып, 1 069 079 тұрғынның электронды денсаулық паспорты рәсімделген. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 10 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден, 4 нысан ағымдағы жөндеуден өткен. Алайда өкінішке қарай, ана өлімі, он­кологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші артқан. Бұл ретте әкім дәрігерлер жүкті әйел­дердің есебін жүргізіп, олардың уақ­тылы тексеруден өтуін қадағалау керегін тапсырды. Сонымен қатар бүгінде жалпы 4 мыңнан астам төсектік орын әзірленіп, дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жасақталған. Жаз айымен салыстырғанда қазір меди­циналық жабдықтардың саны артты. Алай­да медицина мамандардың жетіс­пеу­шілігі сөз болды. Облысқа 194 жас маман келсе, оның 76-сы Тараз қала­сында, 118-і аудандарда жұмысқа ор­наласқан. 98 маманға әлеуметтік көмек көрсетіліп, олардың 15-і тұр­ғын үймен қамтамасыз етілген. Ма­мандар мәселесін шешу үшін Тараз қалалық көпсалалы аурухана базасында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылатын болды. Ал келер жылы онкологиялық орталық ашы­лады. Оның жанынан мемлекет-жеке­меншік әріптестік аясында көп­салалы аурухана салынады. Б.Сапарбаев басқа өңірлердің тәжі­­рибесін негізге алып, мұға­лімдер мен дәрігерлерді тұрғын үй­мен қамтамасыз ету жүзеге асырылатынын, Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес, медицина қыз­меткерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жоспарлануда еке­нін атап өтті. Сондай-ақ барлық қабылданып жатқан қолдау шараларына қарамастан, денсаулық сақтау саласының қазіргі жай-күйі көңіл көншітпейтінін баса айтты.

 

Жамбыл облысы