Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында 481,3 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында осы жылдың 11 айында 481,3 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнім көлемінің 41,6%-ы тау-кен өндіру саласының үлесінде.

Түркістан облысында 481,3 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 38,2 млрд теңгенің, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 5,9 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Аса маңызды өнімдердің ішінде 270,4 мың тонна мұнай өнімдері, 64,1 мың тонна мақта талшығы өндіріліп, 137,0% -ға артқан. Электр қуаты 43,8%-ға (678,9 млн кВт/сағ.) артты. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 688 млрд теңге болып, осы көрсеткішпен облыс республика бойынша алғашқы үштіктен орын алды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 414,9 млрд теңгені, мал шаруашылығы 269,8 млрд теңгені құрады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, барлық шаруашылық санаттарында 207,9 мың тонна ет, 701 мың тонна сүт, 201 млн дана жұмыртқа өндірілді. Ірі қара мал саны – 1 011,9 мың басты немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 105,4%, қой мен ешкі – 4 447,6 мың немесе 104,0%, жылқы – 340,4 мың  немесе 107,1%, түйе – 33,1 мың басты немесе 115,1% құрады.

 

Түркістан облысы